» Қауіпті індетпен күрес - ортақ мақсат

Қауіпті індетпен күрес - ортақ мақсат

Бүгінде сыбайлас жемқорлықты еңсеру ел дамуының маңызды басымдықтарының бірі. Сондықтан жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру жолымен жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғам болып ат салысуымыз қажет. Жемқорлықпен күресу – елдің кеше де болған, бүгінгі күнгі де күрделі мәселесі. Әлеуметтік қасірет болып табылатын бұл құбылыс тек біздің елде ғана емес дамыған мемлекеттердің бәрін алаңдатып отырғаны рас. Заман ағысымен бірге өсіп, өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын кеңге жа­йып, жоюға қанша әрекет еткенімізбен нәтиже көрсетпей отыр. Оған не себеп? Әрине, кінә өзімізден. Ешнәрсеге бас қатырғымыз жоқ. Азын-аулақ тиын-тебен болса қалтада жұмысымызды ақылмен емес, ақшамен шешуге даяр тұрамыз. «Ақшаң болса бәрі де болады» деген тәмсіл ойлап тапқанбыз. Дәл осылай жалғастыра берсек жемқорлық деген жегі құрт түбімізге жететіні аян. Адалдық, ашықтық, жауапкершілік, есеп берушілік - тек сөздер ғана емес. Бұл сыбайлас жемқорлықтан азат қоғамның басты құндылықтары.
Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында түрлі шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен, ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже жоқ. Жемқорлық – қоғамдық дерт. Сондықтан онымен күресті тек Үкімет пен мемлекеттік құзырлы органдардың міндеті деп қарамай, Қазақстан Республикасының әр азаматы өз борышы санауы керек. Сонда ғана жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелі болмақ.

Айгүл Айтуарқызы,
Қармақшы аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман, бас қазынашысы
---
14 тамыз 2019 ж. 1 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 807
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 527

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930