» » ҚОҒАМДЫҚ ДЕРТ

ҚОҒАМДЫҚ ДЕРТ

Жемқорлықпен күресу – елдің кеше де болған, бүгінгі күнгі де күрделі мәселесі. Әлеуметтік қасірет болып табылатын бұл құбылыс тек біздің елде ғана емес дамыған мемлекеттердің бәрін алаңдатып отырғаны рас. Заман ағысымен бірге өсіп, өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын кеңге жа­йып, жоюға қанша әрекет еткенімізбен нәтиже көрсетпей отыр. Оған не себеп? Әрине, кінә өзімізден. Ешнәрсеге бас қатырғымыз жоқ. Азын-аулақ тиын-тебен болса қалтада жұмысымызды ақылмен емес, ақшамен шешуге даяр тұрамыз. «Ақшаң болса бәрі де болады» деген тәмсіл ойлап тапқанбыз. Дәл осылай жалғастыра берсек жемқорлық деген жегі құрт түбімізге жететіні аян. 
Әсіресе, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында түрлі шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен, ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже жоқ. Жемқорлық – қоғамдық дерт. Сондықтан онымен күресті тек Үкімет пен мемлекеттік құзырлы органдардың міндеті деп қарамай, Қазақстан Республикасының әр азаматы өз борышы санауы керек. Сонда ғана жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелі болмақ.
Орынбек МҰНАРБАЕВ,
Қармақшы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директоры.
17 маусым 2019 ж. 2 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 812
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 508

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930