ДЕНДЕГЕН ДЕРТТІҢ ЕМІ – БІРЛІК
Пара бер де, бара бер» деген мен сыбайлас жемқорлықты қамқорлық деп ұққандардың дәурені өтті. Заң үстемдік етіп, тура жолдан тайғандар жазасыз қалмайды. Өршіп кеткен сыбайлас жемқорлықпен күресті тек бір ғана мекеменің мойнындағы жауапкершілік деп емес, тұтас әлеуметтің септесу керек ісі деп ұққан жөн.
Бүгінде жемқорлық халық тұрмысына қауіп төндіріп, халықаралық беделін шайқайды. Оған қоса, ол мемлекеттің негізі – азаматтардың мемлекеттік билікке сенімін өзгертеді, елдің тіршілігіне нұқсан келтіреді. Сондықтан осы әлеуметтік құбылысқа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР Заңының қолданылу аясы, мемлекеттік органдардың жұмысының нәтижесін арттыру жолымен, қоғам өмірінің барлық саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуіне бағытталған жемқорлықпен күрес бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асырады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардан сақтану мақсатында шенеуніктердің билік құзіретіне нақты тәртіп орнату қажет. Олардың экономика, бизнес, ғылым және басқа да салаларға араласу құқығын максималды шектеу болып табылады. Қоғамның бірлігі сыбайлас жемқорлықпен күресуде нәтижелі қарсылық көрсетудің бірі. Баршамыз бірге жемқорлық мәселесін шешуге болады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күресу кезінде бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор, олар өз кезегінде жемқорлықпен күресу саласындағы мемлекеттік саясатты таратуда өте маңызды рөл атқарып келеді. Әр патриоттың азаматтық міндеті сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның көзін болдырмау.
Г.ҚОЖАМҰРАТОВА,
Қармақшы ауданы бойынша
МКБ бас маманы.