» Шетелдік еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру тәртібі

Шетелдік еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру тәртібі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 08.02.2014 жылғы №76 санды «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, еңбекші көшіп келушінің рұқсаты негізінде жұмыс беруші – жеке тұлғаларда үй жұмыскерлері ретінде үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Респуб­ликасына шетелден келген көшіп келушілер еңбекші көшіп келушілер
болып табылады.
Еңбекші көшіп келушіге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін. Еңбекші көшіп келушіге берілетін рұқсаттың ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспайды. Еңбекші көшіп келушіге жаңа рұқсат бұрынғы рұқсатының мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кейін беріледі. Сонымен қатар, жұмыс беруші бір жеке тұлға 5 (бес) еңбекші көшіп келушінің қызметін пайдалана алады.
Еңбекші көшіп келуші өтініш білдірген кезде бастапқы рұқсат  немесе оны ұзарту, сондай-ақ бас тарту өтініш білдірген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ресімделеді. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат оның Қазақстан Республикасының ау­мағында болуының заңдылығын және рұқсатты алуға арналған өтініште көрсетілген кезеңге жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегенін растайтын құжаттарды ұсынған кезде  беріледі.
 Рұқсат алу үшін еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасының аумағында  уақытша тіркелген жері  бойынша көші-қон қызметі  бөлінісіне мынадай құжаттарды:
1) нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы сауалнама-өтініш;
2) жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегені туралы түбіртек – түпнұсқасы мен көшірмесін;
3) жеке басты куәландыратын құжат – анықтамалық деректері бар беттердің және Мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы белгісі бар парақтың түпнұсқасы мен көшірмелерін;
4) Қазақстан Республикасы Үкі­ме­ті­нің 2014 жылғы 24 ақпандағы №133 қаулысымен бекітілген нысан бойынша көші-қон карточкасын;
5) 3,5 х 4,5  1-дана фотосурет;
Басқа құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Г.ИСМАЙЛОВА,
Қармақшы АПБ-нің көші-қон
қызметі тобының инспекторы,
полиция капитаны.
---
27 мамыр 2019 ж. 1 021 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031