» ШАЙЫРМЫН ДЕП...

ШАЙЫРМЫН ДЕП...

Шайырмын деп шайпау ойым шала мас,
Бар-жоғына бойда өнердің қарамас.
Киелі өлең, қадіріңе жеттім бе,
Пенделікпен бос мақтансам жарамас.
Ақындардың бар дейді екен ақ құсы,
Не демейді келгендер мін таққысы?
Кеудесінде күйі ойнаған шабыттың,
Ақын үшін ақ құс деген бақ құсы.
Кешірместі жүрер кейде кешіріп,
Құс қайтқанда билемейді есіріп.
Дүниеге ғашық көзбен қарайды,
Мұң мен шерін жүрегіне көшіріп.
Жанарымен құшар сұлу ғаламын,
Сезім деген суалмайтын бар ағын.
Көкірегінде көктем гүлдеп жайқалған,
Жыр тудырар тамсандырар алабын.
...Көңілі мас, өмірі мас ақынның,
Шабытының шайқап ішкен шарабын!
Орынкүл ТЫНЫМБАЕВА,
Халықаралық Жазушылар
одағының мүшесі
---
06 сәуір 2025 ж. 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30