Көп алдына қолына домбыра ұстап шығып, өсиет, нақыл, ақыл сөзді түйдектете төгіп, ара-арасында келесі ойды қозғап, жырды сабақтар тұста көмейдегі керемет үнді жыр сазымен үйлестіре биіктете шырқай қайыру үрдісіне қарап «бәрекелді», «жырау болғаныңа» деп сүйсініс көрсетеміз. Оған қоса «Әу»-де, «жаса» деген...