» » Үлгерімі төмен оқушыны қалай үйретуге болады?

Үлгерімі төмен оқушыны қалай үйретуге болады?

«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» дейді Елбасы Н.Назарбаев. Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені ретінде айқындалған. Әлемдік деңгейге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын көптеген технологияны отандық педогогтер өз тәжірибелерінде тиімді пайдалануда.

Мұғалімнің жеке тәжірибесіндегі жан-жақты іздену, жұмысын түрлендіру, сабақты қызықты өткізуінің нәтижесінде оқушылардың пәнге деген үлгерімі жақсаратыны сөзсіз. Әрине барлығы мұғалімнің шеберлігі мен оқушының қызығушылығына байланысты.

Мектептегі оқушы үлгерімінің төмендігі себебін түсіндіру мақсатында көптеген көрнекті педагогтер және психологтер өз көзқарастарын білдірген. Солардың бірі П.П.Блонский «Мектептегі үлгермеушілік мектептің тәрбиелік және дидактикалық талаптарына тәртіп пен оқудың нәтижелерінің сәйкес келмеуі» деп түсіндіреді. Ал педагогикалық-психологиялық сөздікте оқушылардың үлгермеушілігі – бұл жалпы білім беретін мектептерде жылдық оқу бағарламасын меңгермеген және екі не одан да көп пәндерден академиялық үлгермеушілігі бар оқушылармен айқындалатын педагогикалық әдістердің теріс құбылысы деп көрсетіледі. И.В.Дубровина үлгермеушілікті білімді игеруге, оқу дағдысын дамытуға, шығармашылық әрекетінің қалыптасуына және танымдық қатынасындағы тәрбиелікке қойылатын мектептің міндетті талаптарына оқушылар дайындығының сәйкес келмеуі деп қарастырады.

Қазіргі кезде халыққа білім беру жүйесінде үлгерімі төмен оқушыларға үлкен көңіл бөлініп отыр. Денсаулығы дұрыс кез келген оқушы мектеп бағдарламасын толық игеруі керек. Үлгерімі төмен оқушылардың басым көпшілігі оқу бағдарламасын қиындықпен, тіпті кейбірінің негізгі пәндерден ұзақ уақыт бойы үлгермеуіне байланысты жүргізілетін жұмыстар да жолға қойылған. Соның бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс деуге болады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша үлгерімі төмен баламен жұмысты бірнеше кезеңді қамтып және бірнеше бағытта жүргізуге болады. Бұл бағыттар бойынша жүргізілетін жұмыстар арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, қабілетін ашу, ізденіске ұмтылдыру, білімге деген құштарлығын шыңдау басты назарға алынады. Әсіресе, жағымсыз мінез-құлықтарын жою бойынша берілген тапсырмалар сабаққа белсенділік, пәнге қызығушылық таныта қоймайтын балаларға өте қызықты. Олардың білімге деген құштарлығы шығармашылық тұрғыда қалыптасады. Жаңа әсер алу үшін басқаны тыңдай және құрметтей білуге ұмтылу, берілген тапсырмаға қызығушылық тұрғыдан қарау баланың мінез-құлқының маңызды бөлігі. Білімге ұмтылыс соған сәйкес мінез-құлық тудырады және баланың психикалық дамуының өзін өзі дамыту процесіне айналуына жағдай жасайды, шығармашылық ізденіске жетелейді, талпындырады.

Оқушыға деген мұғалімнің табиғи, шынайы және әдепті қарым-қатынасы оның тарапынан да осындай іс-әрекеттердің пайда болуына әсер етеді. Біріншіден, оқушы бойында коммуникативтік дағдылар қалыптастыруда мұғалім өзінің кәсіби әрекеті арқылы үлгі көрсете білсе, екіншіден, кәсіби шеберлігі арқылы осы дағдыларды сіңіре отырып, сабақ беру барысында оқушының өз бетімен білімді игеру қабілетін қалыптастырады.

Зерттеу мақсатын шешу үшін қисынды және шығармашылық ойлаудың дағдылары мен әдеттері қажет. А.И.Савенков және басқа да авторлар арнайы тренингтердің баланың білімге деген қабілетін дамытуға әсері бар екенін айтады. Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс мұғалімнің бақылауымен тікелей жүзеге асуы қажет. Бұл – әр жұмыс түрі талданып, сараптама жасалып отыру қажет деген сөз. Осы сараптама негізінде үлгерімі төмен оқушыларды түрлі ашық сабақтарға атсалыстырып, қабілетін дәлелдеуде ғана баланың өз біліміне деген сенімін арттыруға болады. Үлгерімі төмен әр баланың ынтасын оята отырып, түрлі деңгейдегі жұмысқа тартуға мүмкіндік беріледі. Жас ерекшелігін ескере отырып, қабілетіне қарай баланы жүйелей дамыту арқылы қолдау көрсету қажет. Мұнда әкелер үлесінің зор екенін айқындай түсуге болады.

Үлгерімі төмен баламен жұмыс өзін өзі тануға, өзін өзі тәрбиелеуге, үнемі өзін дамытуға, ұстанымға берік, ешкімді қайталамайтын тұлғаны тәрбиелейді. Екіншіден, үлгерімі төмен баланы келешектегі кәсіби мамандығын таңдауы үшін шешім қабылдауға итермелейміз. Үшіншіден, үлгерімі төмен баламен жұмыс істеу барысында мектептегі іс-шараларды өткізуге икемдейміз. Төртіншіден, өз бетімен мүмкіндіктерін ашуға ұмтылдырамыз. Мұндай жұмыс түрлері оқушыға үлгерімін жақсартуға көмектеседі. Оқушыны жақсы, орта, төмен деп бөлмей, оларды тұлға ретінде қалыптастыру үшін психологпен, әлеуметтанушымен, медбикемен тиімді жұмыс ұйымдастырылуы керек.

Мұғалімі ретінде осы әдіс-тәсілдерді, осындай жұмыс түрлерін сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда және түрлі зияткерлік ойындарға қатыстыру арқылы оқушының жоғары нәтижелер көрсетуіне қол жеткізіп, алған ақпараттарын, игерген білімдерін өмірде пайдалануына мүмкіндік береміз.

Білім беру мекемелерінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс барысында пәндік сабақтың рөлі ерекше. Осы тұрғыда «оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын қалай тиімді ұйымдастыруға болады?» деген сұрақ туындайды. Бұл әрине мектепте әдістемелік кеңесте немесе директордың оқу-тәрбие істері жөніндегі орынбасарының басқаруымен жүргізілетін жұмыс. Пән мұғалімдері үшін танымдық бағдарлама құрылып бекітіледі. Оқушыларды жұмыстың бағыттарымен таныстыра отырып, қызығушылығын қалай тудыруға болатыны анықталады. Содан кейін жұмыс тақырыбын анықтау мәселесі туындайды. Ол тақырып жақсы жаңалыққа негізделген, баланың қызығушылығын дамытатын болуы шарт.

09 қазан 2020 ж. 706 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031