» » «Тәжірибедегі Lesson Study: зерттеуден мектеп мәдениетіне» антиконференция

«Тәжірибедегі Lesson Study: зерттеуден мектеп мәдениетіне» антиконференция


Тәжірибедегі Lesson Study: зерттеуден мектеп мәдениетіне Қармақшы аудандық білім бөлімінің Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицей базасында 23 ақпан 2019 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы мен Облыстық оқу орталығының және Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінің бірлескен ұйымдастыруымен «Тәжірибедегі Lesson Study: зерттеуден мектеп мәдениетіне» тақырыбында антиконференция ұйымдастырылды.
Мақсаты мектептің сабақты зерттеу тәжірибесімен танысу, мектеп тренерлеріне әдістемелік қолдау көрсету, тәжірибе алмасу. Антиконференцияға барлығы 130 адам қамтылды. Облыстағы 46 инновациялық білім беру ұйымдарының зерттеуші тренерлері, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері ,жас мамандар, ХББ НЗМ мұғалімдері, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледж оқытушылары қатысты. Облыс педагогтерінен бөлек антиконференцияға Астана қаласынан «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-ң тәжірибелік-ғылыми орталығының қызметкері аға менеджер Г.И.Сыздыкова, Ақтөбе қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Т.А.Акимова қатысты. Антиконференция секция жұмыстары, эксперттік панель, Ted алаңы, постер-сессия, интерактивті талқылау, қорытындылау бөлімдерінен тұрды. Антиконференция модераторы Байқоңыр қаласындағы сектор меңгерушісі А.Ж.Саденова болды. НЗМ ДББ-ң тәжірибелік – ғылыми орталығының қызметкері Г.И.Сыздыкова мен ПШО филиалының директоры С.Т.Камалова педагог қызметкерлердің кәсіби дамуын қолдау мәселелері тақырыбында сөз сөйлеп, шараның мақсатымен таныстырып өтті. Мектеп-лицей директоры Ж.К.Тлеугабылова «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижеге бағытталған білім негізі» тақырыбында құнды баяндама жасап, мектептегі мұғалімдердің кәсіби даму жолына тоқталып өтті. «Мектептегі сабақты зерттеу тәжірибесі» бөлімінде мектебіміздің 7 зерттеу тобы мүшелері (42 мұғалім) таныстырылым жасай отырып жүргізген зерттеу жұмыстарын көрсетті. Сабақты зерттеу қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, химия, биология , математика, Қазақстан тарихы пәндерінен жүргізілген болатын. Осы орайда зерттеу тобына қолдау көрсеткен тренерлер Г.Жаксылыкова,Ж.Джансугирова,Е. Оспанов, Ж.Абдраманова,Б.Дильманов, Ж.Раймкулова, С.Кульжановалардың еңбегін ерекше атап өткіміз келеді. 7 топтың сабақты зерттеу таныстырылымына «Эксперттік панель» бөлімінде қатысушылар және тренерлер мықты, жетілдіретін тұстар бойынша кері байланыс ұсынды. Одан әрі шара «Байқоңыр – мақтанышым» концерттік бағдарламаға ұласты. «Ted алаңы» бөлімінде «Lesson Study – әлемдік мәнмәтінде» тақырыбында Ақтөбе қаласындағы ПШО филиалының директоры Т.А.Акимова, «Сабақты зерттеу тәжірибесіндегі көзқарастар» тақырыбында ПШО тренері Қ.Абдраманова таныстырылым жасады. «Постер сессия» бөлімінде облыстың 46 инновациялық мектептің зерттеуші тренерлері сабақты зерттеу тәжірибесі бойынша постерлерін әріптестеріне ұсынып, өзара тәжірибе алмасты. Шараның маңызды бөлігі болып табылатын «Интерактивті талқылау» бөлімінде ПШО тренерлері жүргізген «Сіздің мектептің мәдениеті? Даму VS Дағдарыс» тақырыбында ток шоуында қатысушылар өз пікірлерімен ой бөлісті. Шараға қатысушылар қорытынды бөлімде алған керемет әсерлерімен бөлісе отырып,ұсыныстарын беріп, кері байланыс ұсынды. Белсене қатысқан мектеп ұстаздары мен мектептің зерттеуші тренерлеріне облыстық оқу орталығы мен Педагогикалық шеберлік орталығының алғыс хаттары мен сертификаттары табысталды. Антиконференция соңында ПШО филиалының тренерлері Е.Т.Оспанов, Б.К.Дильманов, Д.Қ.Шамшадинов қатысушылармен флешмоб билеп, жақсы көңіл күйде іс-шараны аяқтады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.С.Шукирова конференцияға қатысушыларды қала мұражайына саяхатқа апарып, қаламыздың тарихымен таныстырды.
Мектеп басшысы Жұмагүл Қосжанқызы өзіне және ұжымға талап қоя білуінің нәтижесінде, ұжымдағы ауызбіршілік пен ұйымшылдық ахуалы жұмысты жоғары деңгейге көтере білгені шара барысының өн бойынан көрінді. Расында, мектептегі қандай бір жетістік болмасын ол тек сол ұжымның ынтымақтаса бірлескен жемісті жұмыстарының арқасында ғана қол жететін дүние. 
Әрқашан да жаңалықтың жаршысы болып, үнемі қолдау көрсететін Қызылорда қаласындағы ПШО филиалының үйлесімді жұмысының нәтижесінде сәтті өткен шараның өз тәжірибелерімізді жақсартуға тигізген оң ықпалын айта отырып, жұмысқа атсалысқан тренерлерге, мектеп ұжымына шығармашылық табыс тілейміз.
26 ақпан 2019 ж. 1 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031