ІІІ Интернационал аулында семинар-практикум өтті Қармақшы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ІІІ Интернационал аулындағы №108 орта мектеп базасында мектеп бітірушілерді ҰБТ-ге дайындау барысына сәйкес оқу сауаттылығынан аудандық әдістемелік кабинет көмек көрсету бағытында "Оқу сауттылығы мәтінденің сұрақтарын шешу жолдары" тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Онда ақпан айының сынама тест қорытындысы бойынша орташа балл негізінде төмен балл жинаған мектептерден мұғалімдер қатыстырылып, жоғары балл жинаған мектептердің, озық іс-тәжірибелері ортаға салынып, пікір алысу ұйымдастырылды. Семинар соңында пән мұғалімдері өздерінің ойларында жүрген ұсыныс-пікірлерін айтты. Жаңалықтар 03 наурыз 2018 ж. 1 492 0