» » Қауіпті кезеңді бастан кешірудеміз

Қауіпті кезеңді бастан кешірудеміз

Күн сайын статистикадағы сан өзгеруде. Яғни, коронавирус жұқтырған адамдар саны көбейіп жатыр. Демек біз қауіпті кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Сақтанбасақ біз де бұл індетті жұқтырып алуымыз әбден мүмкін.
Расымен, соңғы уақытта бейқам жүрген жандар қатары көбейді. Көшеде бетпердесіз жүріп, қауіпсіздік шаралары туралы мүлде ұмытқан. Олардың жүгенсіздігінен өзге адам індет жұқтыруда. Қазір вирустың симптомсыз түрі анықталды. Яғни, олардан ешқандай аурудың белгілері байқалмаса да өзгеге жұқтыруы мүмкін. Ал келесі адамның иммунитеті бұл ауруды көтере алмаса ше? Әрине ол жөтеледі, қызуы көтеріліп өкпесі қабынады. Ал сағатына жүздеген қоңырау қабылдап жатқан жедел жәрдем ол кісіге барып үлгермеуі мүмкін.
Міне, бір адамның бейқамдығынан өзгесі жәбір көреді. Сондықтан кеселге сенбейтіндер сақтанса игі. Біреудің жауапсыздығынан өзгеден жауап алынып жүрмесін. Бұл індеттің емі бар. Ол жауапкершілік пен бірлік. Яғни, жұмылсақ қана індетті еңсереміз.

Ербол МАТЖАНОВ,
аудандық соттың кеңсе меңгерушісі
30 маусым 2020 ж. 766 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (10505)

19 мамыр 2026 ж.

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 140
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031