» » Қызылорда облысында 147 адам індет жұқтырған

Қызылорда облысында 147 адам індет жұқтырған

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы 4 адам жайлы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Олардың екеуі Қызылорда қаласынан, екеуі Жаңақорған ауданынан анықталды. Ауру жұқтырғандардың екеуі 27 және 68 жастағы әйел адамдар, қалған екеуі 19 және 65 жастағы ер адамдар. Үшеуі өздеріне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста болған. Ал төртінші адамнан пневмония симптомдарына байланысты зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша барлығынан COVID-19 диагнозы анықталды - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Олар дер кезінде медициналық бақылауға алынып, оқшауланып, тексерістен өтіп жатыр.

19.04.2020 жылғы жағдай бойынша өңірде коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 147-ге жетті. Оның ішінде емделіп шыққандар саны – 21, ем қабылдап жатқандар саны – 126.

BAQ.KZ
19 сәуір 2020 ж. 675 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 109
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031