» » Қызылордада бүгін тіркелген 8 адам коронавирус инфекциясын қайдан жұқтырды

Қызылордада бүгін тіркелген 8 адам коронавирус инфекциясын қайдан жұқтырды

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған соңғы сегіз науқастың оны қайдан жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Олардың алтауы Сырдария ауданынан тіркелсе, екеуі Қызылорда қаласында тұрады. Жас шамасы бойынша ең үлкені 1970 жылы дүниеге келген ер адам болса, ең жасы 2002 жылғы қыз бала. Барлығы бұдан бұрын коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен қарым-қатынаста болған.

«Қазір облыста аталған диагноз қойылған 100 адам бар. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Бүгінгі күнге дейін жүргізілген эпидзерттеу нәтижесі бойынша науқастармен байланыста болған 1174 азамат анықталды. Оның ішінде тығыз қарым-қатынаста болғандар саны – 585, ықтимал қарым-қатынаста болғандар саны – 589 адам. Стационарларда медициналық бақылауға 545 адам алынды, үй жағдайындағы бақылаудағылардың саны – 629 адам», - деп мәлім етті Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

9 сәуірдегі жағдай бойынша аймақта коронавирус инфекциясына шалдыққан 100 адам анықталды. Оның ішінде Қызылорда қаласында – 12 жағдай тіркелсе, аудандар бойынша Жаңақорғанда -16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 52, Сырдарияда - 14, Аралда – 2 жағдай орын алды.
10 сәуір 2020 ж. 850 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031