» » Жемқорлықты жою керек

Жемқорлықты жою керек


Сыбайлас жемқорлық – өз мүддесінде мемлекеттік функцияларды пайдалану. Олар қоғамның, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мүддесіне қайшы келеді.


Бұл дерт дүние жүзін алаңдатқаны рас. Нағыз экономикалық гүлденуге сыбайлас жемқорлық құбылыстарын азайтқан мемлекеттер ғана қол жеткізеді. Себебі, ол қоғамның барлық салаларына, атап айтқанда экономика, әлеуметтік сала, саясатқа әсерін тигізеді. Оның теріс салдары қоғамның ілгері әрі қарқынды дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қауіп төндіреді.
Сол себепті Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің жеті басымды бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен тайсалмас және аяусыз күресті атады. Өйткені, сыбайлас жемқорлықты жеңу құқықтық мемлекетті құрудың жалпы мойындалған шарты болып табылады.
Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін заңнамалық база құрылған. Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекеттерінде тәртіпті күшейту, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту шаралары туралы» заңдар, сондай-ақ көлеңкелі экономика көлемін кішірейтуге, экономика саласында құқықбұзушылықтармен күреске бағытталған бірқатар бағдарламалар т.б. бар.
Құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа азаматтық қоғамның барлық институттарының жігерін жұмылдырып қана тиімді қарсы тұру керек. Тек сонда ғана біз бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына кіру ұлттық идеясын жүзеге асыра аламыз.

Ботагөз Есетова,
Қармақшы аудандық Қазынашылық басқармасы
төлемдерді алдын ала бақылау және өткізу тобының
бас маман бас қазынашысы


25 мамыр 2020 ж. 934 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930