» » «Біздің күш-қайрат жұмсайтын кезіміз келді»

«Біздің күш-қайрат жұмсайтын кезіміз келді»

Елбасы айтқандай тәуелсіздік жылдары дүниеге келген біз келер жылы орда бұзар отызға толамыз. Аға ұрпақ біз үшін қолдан келгенінше бәрін жасады, енді біздің күш-қайрат жұмсайтын кезіміз келді. Жат әдеттен сақтанып, игі іс жасауға ұмтылсақ игі.
Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі. Тұтқиылдан келген жаман індет барша адамзатқа қауіп төндіруде. Осындай күрделі кезеңде Елбасы үндеу жасап бізді қанаттандырды. Кемеңгер көшбасшы тәуелсіздік жылдары ел өмірінің ең қиын да күрделі кезеңдерінде кез келген мәселені елмен бірге бүкпесіз, ашық талқы­ға салып, туған халқымен үнемі ой бөлі­сіп отырfды. Бүгінгідей бүкіл әлем алаң күй кешіп, ұлт саулығы сынға түскен сәтте де баршаны сабырға шақырды.
Мен тәуелсіздік құрдасы, әрі дәрігер ретінде барша жерлестерімді бірліктің арқасында осы кеселді жеңіп шығуға шақырамын. Ол үшін айтылған ескертпелерді мүлтіксіз орындайық.

Бота ЖАКЕНОВА,
Ақтөбе ауылдық дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі
09 сәуір 2020 ж. 1 057 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 096
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 686

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031