» » Сот шешімдерінің сапасын арттыру қажет

Сот шешімдерінің сапасын арттыру қажет

Мемлекетті басқарудың саяси құралдарының қатарында биліктің дербес саласы – сот билігінің орны мен мәртебесі айрықша. Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дарында-ақ жаңа сот жүйесінің іргетасы қаланып, сот әділдігін жүзеге асырудың барлық бас­ты қағидаттары бекітілген еді. Соттардың тәуелсіздігі мен су­дьялардың мәртебесі шынайы нығайып, соның ішінде материалдық-техникалық тұр­ғы­дағы мәселелер реттелді. Тек дұрыс бағыт ұстанып, жұмысты жүйелі ұйымдастыру – сот қызметінің алға жылжуына сеп болады.
Осы орайда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың қыркүйек айында Қазақстан халқына жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге тоқталды. Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет екенін атап көрсетті.
Президент Қ.Тоқаев: – Азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жатады. Олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейді. Сондықтан осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілікәділет құрылымын енгізу қажет, – деген болатын.
Біз сол бағыттан ауытқымай, сапалы нәтиже көрсетуге тиіспіз.
Қармақшы аудандық кеңсесі
28 қараша 2019 ж. 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930