» » » Жанар Байсемізова көзіне шөп салған еркектерді кешіруге шақырды

Жанар Байсемізова көзіне шөп салған еркектерді кешіруге шақырды

Stan.kz агенттігінің тілшісіне өзінің жаңа кәсібі – әйелдерге арналған тренингтер туралы айтқан отандық продюсер, тележүргізуші Жанар Байсемізова бақытты болудың сырымен бөлісіп, отбасын сақтап қалу үшін, өмірдегі орныңды табу үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап қатып, күйеуін биіктен көргісі келген келіншектерге бірнеше кеңес берді

Жанар Байсемізова күйеуін биіктен көргісі келетін келіншектерге кеңес берді

Адамдарға өз-өзін жақсы көру үшін не істеу керек?
Көптеген жандар өзін-өзі жақсы көру дегенді бұрыс қабылдап, оны жақсы киім кию, әрдайым сұлулық салонынан шықпай бет әлпетін жөндеу, тән қалаған ләззәтті істей беру деп түсінеді. Бірақ өзіңді жақсы көру деген ең алдымен өз-өзіңді дамыту, бар қалпыңда өзіңді қабылдау. Жаратушы сені қалай жаратты сол қалпында кемшілігіңмен бірге қабылдау. Өзін жақсы көрген адам ғана қоршаған ортасын жақсы көре алады және өзін қадірлеген жанды өзгелер де қадірлейді. Өзін жақсы көру деген эгоистік махаббат емес, керісінше – өзіне құрметпен қарау, ойы мен сезімін басқару, жеке уақытына, жетер мақсаттарына, аңсаған армандарына жауапкершілікпен қарау. Уақытты тиімді пайдаланудың өзі өзіңді жақсы көруге жатады.
Қиыншылықтармен қалай күресу керек?
Негізі қиындықпен күресудің қажеті жоқ. Жалпы ешкіммен, ешнәрсемен күресудің керегі жоқ. Саған тиесілі сыбағаны ешкім алып кете алмайды. Егер де бір дүниеңді алып кеткен жағдайда ол сенікі емес деген сөз, сондықтан күресе бермей қабылдауды да үйрену қажет.
Ал егер күрескен жағдайда оны жеңе алмайсың, өйткені табиғат күресу қабілетін әйелден гөрі ер адамға тән еткен. Әйел адамға мына өмірде бірдеңені дәлелдеймін деп күресудің қажеті жоқ. Адамға бұйырған нәрсе болса, ол өзі-ақ басқа жеңіл жолмен иесін табады.
Қиыншылықтар туындаған кезде берер кеңесім, ол біріншіден олардан құтылатын тәжірибелерді орындау керек. Өзіңді сабырға келтіру керек, басыңдағы барлық мәселені әркімге айтудың  қажеті жоқ. Мысалы, қуанышты бөліскен сайын көбейеді дейді, қайғы мен қиыншылық та сондай, айтылған сайын көбейеді. Және адамдар бастарына түскен ауыртпашылыққа өздерін кінәлі санамау керек. Әр тұлға өмірінде болып жатқан әр мезетке, тіпті оған қатысты басқа адамдар тарапынан істеліп жақтан әрекеттерге де өзі жауапты. Осылай өмірінде болып жатқан өзгерістерге жауапкершілікпен қараған жағдайда көптеген түйткілді мәселелердің шешімі өздігінен табыла бастайды. Бақытты өмір сүру заңдылықтарын білсек, қандай қиындықтар болса да оны сынақ ретінде қабылдаймыз.
Қазіргі әйелдердің жауапкершіліктері көптігіне қалай қарайсыз?
Әйел адамдар жауапкершілікті өздері мойындарына алып алған. Әйел белгілі заттарды істеу керек, істемеу керек деп өздері ойлап тапқан. Қарап отырсаңыз, кейбір әйелдер қазір шалқып өмір сүріп жатыр, қалаған нәрсесін істеп жүр, ал біреуер болса жүгіріп отбасының барлық тірлігін істеп, бар жауапкершілікті өз мойнына артуда. Себебі олар күйеулеріне сенбейді, олардың тапқан табыстарына қанағаттанбайды және өзі болмаса отбасындағы еш мәселе шешілмейді деп ойлайды. Сондықтан әр отбасындағы әртүрлі жағдай әйелдің санасына қарай болады.
Еркекке тән жұмысты әйелдер өзіне алса, оған ешкім кінәлі емес. Әйел адам өзінің дамуына, өзінің деңгейіне қарай ер адамды таңдайды. Егер де таңдаған ері жаман болып жатса, оны өзгерту үшін әйелдер алдымен өздерін толықтай дұрыс, жақсы жолға бұру қажет. Күйеуінің табысына қанағаттанбаған жағдайда әйелдер бар жауапкершілікті өз мойындарына алып, жолдастарының тіпті жұмыс істемеуіне себепші болуы мүмкін. Сол себепті әйелдер жауапкершілікті мойындарына жүктеп алғанша, ерлерінің жұмыс істеп, табыс табуларына шабыт беру керек.
Мысал келтірер болсақ, ер адам бір әйелмен тұрған кезде жұмысы жүрмей қояды, онымен ажырасып басқамен қосылса, жұмысы да жүріп, табысы да көбейіп жатады. Сонда қарап отырсаңыз, барлығы әйелге байланысты ғой.
Әйел әрдайым күйеуіне риза болу керек және әр жетістікке жету үшін жолдасын шабыттандырып, оның алдына шықпай тыңдау керек. Сол кезде алдына қойған мақсаттарына жолдасымен бірге жете алады. Әйел адам жанталасып, жүгіріп ақша табуға емес, өзін парасаттылыққа баулу керек.
Орта жасқа келіп, қалыптасқан келіншектер тренингтерден кейін өздерін өзгерте алады ма?
Егер ол өзі қаламаса, қалап, бірақ кеңестерді тәжірибе жүзінде қолданбаса еш нәрсе өзгермейді. Өзін жақсы жаққа өзгертуге ниет етіп қалаған кезде ол адамға барлығы өзі келе бастайды, оны барлығы қолдай бастайды. Және адам өзімен қатар жақындарын өзгертуге тырыспау керек, әркім өмірінде өз таңдауын өзі жасау қажет. Басқаларды, қоршаған ортаны сол қалпында қабылдау да бұл жолда үлкен көмек. Өзгеру үшін адам күнделікті өзіне қажет заттарды үйреніп, кітаптар оқып, табиғатпен сырласуы қажет.
Парақшаңызда көзіне шөп салған еркектерді кешіру керек деген екенсіз?
Адамның күнәсін Құдай кешіре білгенде біз неге кешіре алмаймыз? Барлық адам күнә жасайды, алайда уақыт өте түзеледі. Егер күйеуіңіз сатқындыққа барған жағдайда, алдымен әйел өзінен «Мен оны кешіре аламын ба?» деп сұрауы керек. Құдайдан кешіруге мейірімділік пен күш беруін сұраған жөн. Ал оны кешіріп, артынша болған жайтты еске алып, жолдасының бетіне басатын болса, ары қарай бірге тұрудың қажеті жоқ. Осы бетте бірге тұрған жағдайда барлық отбасы бақытсыз болады.
Екінші мәселе, әйел өзіне «неге ол көзіме шөп салды?» деген сұрақ қоя білуі. Мұндай сұрақтар қоймас үшін әйелі ерінің өзінің бойында қандай қаситеттер таппағанын анықтау қажет. Сондықтан кінәні тек еркектерден емес, келіншектерден де іздеген абзал.
Отбасын сақтап, бақытты өмір кешу үшін еріңнің талғамын зерттеу қажет. Соның талғамына сай болып, мәселені ашық түрде шеше білу қажет. Егер таңертең тұрған кезде жолдасыңды құшақтасаң, соны көру арқылы балалардың өмірге деген құштарлығы артады, сондықтан отбасы мүшелерін құшақтаған өте жақсы қасиет. Ерінің айтқанын бұлжытпай орындап, алдына түспей иілген дұрыс. Дегенмен әйел өзін де ұмытпай, өзін дамытуға күш салу керек.
Өз жолын таппай жүргендерге не айтасыз?
Егер адам өмірде орнымды таба алмай жүрмін десе, ол сол сұрақтан басқа нәрсені ойлап жүрген жоқ. Ал егер орнымды табамын деп мақсат тұтса, табады. Ол үшін сөзіңді, мінезіңді өзгертуге тырысып, әрекет жасаған абзал. Алдыға қарай ұмтылып, жүрекке сенім ұялатып, қайырымдылық жасаған жөн. Қайырымдылықты ақшалай жасау міндетті емес.
Өз орнын таппай жүрген жандар қағида мен ережені өзгерту керек. Адамның басына түскен белгілі проблемалар оның сол жолдан өтіп, жоғары деңгейге шығуына мүмкіндік береді. Сондықтан ескі жолда қалып кетпей, жаңа бағытқа түсу үшін қиындықтарды жеңе білу керек.
Stan.kz

19 қазан 2018 ж. 1 772 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031