» Мінез – жанның айнасы

Мінез – жанның айнасы

Мәдениеттілік - беті-қолды жуудан бастап, адамзат ақыл-ойының биік шыңына дейін қамтитын кең ұғым М.И.Калинин Егер адамның бойында өзіне тән ұқыптылық пен сыпайылық қалыптасса ол қай ортада болмасын өз орнын таба біледі. Жақсы мінез, тазалық, жинақылық, ұқыптылық, сыпайылық барлығы мәдениеттің негізі. Бойымызға ең жақсы қасиетті жинап, басқаларға нұрдай шашып жүру қандай керемет! Одан, өзің де, өзгелер де ерекше көңіл-күй алары айдан анық. Ерсі қылық, есер сөз, қарқылдаған күлкі, жағымсыздық тағы басқалары арқылы сен жұрттың келемежіне айналуың әбден мүмкін... Жұмысқа немесе өзің танымайтын жаңа ортаға барғалы жатқанда, ең бірінші өз мәдениетімізді, сенімділікті арттыруға тырысамыз. Себебі сол жердің табалдырығын аттағаннан бастап, өзіңді тек жақсы қырынан көрсетіп, биязылық танытып, жаныңдағы танысқалы жатқан адамдарға жылы жүз таныту – ең бірінші мақсат. Сен көркем мінезің мен мәдениетің арқылы достарың немесе ұжымыңның ең сыйлы адамына айналуың ғажап емес. «Мінез - жанның айнасы», - демекші, мәдениеттің түп төркіні бойымыздағы мінезде жатыр. Адамның мәдениет деңгейін кез келген ортада аңғаруға болады. Мәдениеттің ең биігінде тұру үшін, өзіңді рухани жағынан тәрбиелеу керек. Яғни, бұл - өзін-өзі тану. Адамдар сырт көзге әдемі көрініп, іште жат қылық пен қыңыр мінезін сақтайды. Осы екеуін шамаң келсе таразының басында тең ұстау өз қолыңда. Жинақы киімің, әдемі мінезің мәдениеттің алғашқы сатысының бірі деуге болады. Сенің жақсы адам екендігіңді көрсететін мінезің. Мінезді бір қалыпты ұстау - мәдениет.  Мәдениетті болу аса көп нәрсені талап етпейді. Оған тек жайдары мінез бен жинақылық керек. Адам өзін неғұрлым терең таныған сайын, мінез бен мәдениет деңгейі жоғарылай түседі.

---
27 сәуір 2018 ж. 2 556 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930