» » » АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙДЫҢ БАСТАУЫ

АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙДЫҢ БАСТАУЫ

Ауданда өз мамандығы бойынша табанды еңбек етіп, ел игілігі жолында адал қызмет етіп жүрген жандар аз емес. Солардың бірі – көпжылдық тәжірибесімен, жауапкершілігімен танылған Мирамкүл Ешмұратова. Ол экономика мен әлеуметтік саланы қатар алып, мемлекеттік қызметтің әр кезеңінде кәсіби біліктілігін дәлелдей білген маман.
Ол Қарағанды қаласындағы Қазақ тұтыну институтын «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын мемлекеттік қызметпен байланыстырады. Алғашқы жылдардан-ақ экономика мен әлеуметтік саланың қырсырын меңгеруге ден қояды.
1996 жылдан бастап сегіз жыл аудандық статистика бөлімінде экономист болып қызмет атқарған ол әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді талдау, есепке алу бағытында мол тәжірибе жинақтаған. Бұл кезең оның кәсіби қалыптасуындағы маңызды баспалдақ болады.
– Статистика саласы – кез келген шешімнің негізі. Сол жылдары әрбір санның артында халықтың тұрмысы, ауданның тынысы тұрғанын терең сезіндім. Бұл тәжірибе кейінгі қызметімде көп көмегін тигізді, – дейді ол өткен күндерді еске алып.
Мирамкүл 2005 жылы Статистика жөніндегі есептеу орталығында маман болып еңбек етіп, деректерді өңдеу мен жүйелеу ісінде кәсіби біліктілігін арттырады.
Ал 2011-2013 жылдары Жұмыспен қамту орталығында маман ретінде халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруға белсене араласады. Осы жылдары ол еңбек нарығына бейімделу, жұмыссыздықты азайтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың тиімді іске асуына үлес қосқан. Ал 2023-2025 жылдары аудандағы «Мансап» орталығында бөлім басшысы қызметін атқарып, ұжым жұмысына жетекшілік етеді. Басшылық қызметте ол жауапкершілік пен ұйымдастырушылық қабілетті қатар алып, мол тәжірибе жинақтаған.
– Ұжыммен жұмыс істеу – үлкен сенім. Әріптестеріңе тірек болып, ортақ мақсатқа жұмылдыра білу – басшының басты міндеті, – дейді ол.
2025 жылдан бастап аудандық «Мансап» орталығында маман ретінде қызметін жалғастырып келе жатқан Мирамкүл Базарханқызы бүгінде жастар мен жұмыс іздеушілерге бағытбағдар беріп, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеуде нәтижелі еңбек етіп жүр.
Көпжылдық адал еңбегінің арқасында облыс және аудан әкімінің, сондай-ақ облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының марапаттарына ие болған. Ол «Бұл – еңбектің бағаланғаны. Мен үшін ең бастысы – халықтың алғысы. Елге қызмет ету – өмірлік ұстанымым» дейді.
Мирамкүл отбасында да береке-бірлік пен еңбекті жоғары қойған жан. Жолдасы Марат Лақбаев аудандағы обаға қарсы бөлімде күзетші болып жұмыс істейді. Үлкен ұлы медициналық академияның резидентурасын аяқтап, бүгінде дәрігерлік қызмет атқаруда. Екінші ұлы құрылыс саласында еңбек етсе, кенже ұлы мектепте оқиды.
Бүгінде білікті маман жинаған мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыттап, елге адал қызмет етуді өзіне парыз санайды.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
31 қаңтар 2026 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 327
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031