» » Зейнет демалысына шығарып салды

Зейнет демалысына шығарып салды

Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында білікті қаржыгер-экономист Мұхит Қыпшақбаевты зейнеткерлік демалысқа шығарып салу рәсімі өткізілді. Оған аудандық мәслихаттың төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, сонымен қатар аудандық экономика және қаржы бөлімінің, Жосалы кенті әкімі аппаратының қызметкерлері мен мерейтой иесінің туған-туысқандары қатысты.

М.Әбдірашұлының өмір жолына тоқталып өтсек. Ол 1961 жылы Жосалы кентінде дүниеге келген. Аудан орталығындағы №27 мектепте  білім алған. Одан соң Алматы қаласындағы Ауылшаруашылығы институтын бітіріп, еңбек жолын туған жерінде қызмет етуден бастаған. Қызметте сатылап өсіп, түрлі мекемеде қатардағы қызметкерден бастап басшылық лауазымдарға дейін абыроймен еңбек еткен. Ағамыз атқарған қызметімен қоса, қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысып келеді. Облыс, аудан көлемінде өтетін спорттық, мәдени, қоғамдық іс-шараларға қатысып, жас буынға үлгі-өнеге бола білгенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ ол ұлжанды азамат. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қатысушысы.

Өнегелі өмір жолында халық депутаттары аудандық атқару комитетінде экономист, аудандық экономика бөлімінде бас маман, бөлімнің меңгерушісі, аудан әкімі аппаратында бас маман, аудандық мәслихатта аппарат басшысы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде басшы, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде сектор меңгеруші, аудандық білім бөлімінде басшының орынбасары, ауданның мемлекеттік сатып алу бөлімінде маман, 2023 жылдан осы кезеңге дейін аудандық экономика және қаржы бөлімінде әдіскер болып қажырлы қызмет етті.

Мұхит ағамыз "Желтоқсан көтерілісінің" 30, 35 жылдық медальдарының, басқа да бірқатар әкімдіктер мен салалық марапаттарының иегері.
Іс-шарада М.Қыпшақбаевқа құрмет көрсетіліп, құттықтаушылар "Еңбегіңіз еленіп, құрметті демалысқа шыққан қуанышыңыз құтты болсын. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлесіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Енді сол еңбектің зейнетін көріп, немере-шөберенің ортасында ардақты ата деген қадірлі атты иеленіп, 100 жасаңыз" деп жылы лебіздерін жаудырды.
С.ДАТ
15 қыркүйек 2024 ж. 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930