» » » Обал мен сауапты түсінген адам тура жолдан таймайды

Обал мен сауапты түсінген адам тура жолдан таймайды

qarmaqshy-tany.kz Тағдыр талайында әркімнің өз жолы бар. Ешкімге ұқсамайтын, сара жолы бар. Өзіндік көзқарас, ұдайы ізденіспен жүріп өткен дара жолы бар. Сол секілді прокуратура саласы шындықты, әділдікті ғана талап етеді. Ізденіс, туралық, жауапкершілік... Бұл үш қасиет қадағалаушы орган қызметкерлеріне тән. Себебі, мемлекет атынан заңнама мен құқықтарды, сонымен қатар адамның және азаматтың еркіндіктерін қадағалап бақылайтын негізгі орган – бұл. 6-желтоқсан – Прокуратура қызметкерлерінің күні. Осынау жауапкершілігі зор саланың тізгінін ұстап жүрген ауданның бас прокуроры Мейрамбек Маханбетжановпен сұхбаттасқан едік.
– Мейрамбек Жаңбырбайұлы, прокуратура органдарын құру және оны жүйелендіру жолының өзіндік тарихы бар екені белгілі. Осы тұрғыда заңдылықты қадағалау саласының қалыптасу тарихына тоқталып өтсеңіз.
– Әрине, әрбір саланың өзіндік тарихы бар. Оның ішінде прокуратура саласы да түрлі кезеңдерден өтті. Қазақстан прокуратурасының алғашқы қалыптасуы мен дамуы 1922 жылғы 13 шіл дедегі Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің 3-сессиясының 2-шақырылымының шешімінен бастау алып, Әділет халық комиссариатының құрамында мемлекеттік прокуратура органы құрылды. Оның 1933 жылы өкілеттігі кеңейе түсіп, Әділет халық комиссары жанында прокуратура басқармасы құрылып, дербестікке қол жеткізді. Тарихта тұңғыш рет прокурордың міндеттері Әділет халық комиссарынан бөлінді.
Қазақстан 1937 жылы өзінің алғашқы Конституциясын қабылдап, Әділет комиссарынан прокуратура толық бөлінді және республикада құқық қорғау органдарының дербес құрылымы ретінде жұмыс жасай бастады. ҚР-ның тұңғыш прокуроры болып жерлесіміз Сүлеймен Есқараев тағайындалды. Аталған тұлға қасиет дарыған Қорқыт жерінде дүниеге келіп, өмір бойы халқы, елі үшін аянбай қызмет жасаған.
Жергілікті жерде санаулы ғана тергеушілер болып, елдегі заңдылықты қалың көпшілікке түсіндіру, анықтама, тергеу, қылмысты іздестіру, саяси басқарма секілді жергілікті органдарға қадағалау жасап отыру жұмыстары жалғыз прокурорға жүктеліп, оны атқару оңайға соқпаған. Осы кезеңдерде құрылған аудандық прокуратура да заңдылықтың кепілі ретінде мемлекет пен халық мүддесі үшін қызмет етіп келеді. Құрылған жылдардан бері ауданның прокуроры қызметін жиырмаға жуық азамат абыроймен атқарып, аудан аумағында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға өз үлесін қосқан. Еліміз тәуелсіздігін алған тұста ҚР-ның прокуратура органдары болып құрылып, Тәуелсіз елдегі жаңа заңнамаларды қалыптастыру, оларды жетілдіру бағытында ерекше рөл атқарып және заңдылықтың бұлжытпай орындалуына қадағалау жасауда.
Қазіргі уақытта прокуратура органдары қыл мыстық қудалау, әлеуметтік-экономика жедел іздестіру қызметі саласындағы заңдылықтардың сақталуын және үкімдердің орындалуын қадағалау, мемлекеттік айыпты қолдау және азаматтық, әкімшілік істер бойынша сотта мемлекет мүддесін білдіру бағыттары бойынша аудан көлемінде жоғары қадағалауды жүзеге асыруда.
Бұл сала да заман талабына сай өзгерістермен бірге қалыптасып, жұмысты автоматтандыруақпараттандыру бағытында прокуратура органдары алдыңғы қатарда келеді. Себебі, құ жаттарды автоматтандырылған жүйелер ар қы лы жүргізу уақытты тиімді пайдалануға, шешімдердің созбалаңға салынуын болдырмауға, мәліметтердің бұрмалануының жолын кесуге оң әсерін тигізуде.
– Қазіргі кезде прокуратураның әлеуеті қандай?
– Қай кезде де прокуратура органдарының әлеуеті жоғары деңгейде қойылады. Яғни, мемлекет тарапынан заңдылықты қадағалау саласына қойылатын талап пен жүктелетін міндеттер салмақты әрі өте жауапты. Бұл өз кезегінде аса кәсіби шеберлікті, тәжірибені, жауаптылықты талап етеді.
Әрбір қадағалау саласы бойынша басым бағыттар белгіленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау прокуратура органдарының ең маңызды басым бағыты екенін атап өткен жөн.
– Соңғы жылдары қылмыстық істерді тергеп-тексеру бағытында қандай реформалар жүргізілуде?
– Жоғарыда атап өткендей, жұмысты автомат тандыру-ақпараттандыру бағытында прокуратура органдары алдыңғы қатарда келеді. Мысалы, қылмыстық істерді тергептексеру барысындағы басты реформалардың бірі – қылмыстық істерді электронды форматқа көшіру. 2020 жылдың соңынан бастап қылмыстық процес те азаматтардың құқығын қорғауды күшейту бағытында полиция, прокуратура және сот органдары арасында өкілеттіктерді нақты бөле отырып, қылмыстық процестің үш буынды моделі қолданысқа енгізілді. Енді прокурор қылмыстық процестегі негізгі шешімдерді келіседі немесе бекітеді және прокурордың келісімінсіз немесе бекітуінсіз бұл шешімдердің заңды күші болмайды. Мұндай шешімдердің қатарына адамды күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін, қылмыстық құқық бұзушылықты саралау, тергеп-тексеру мерзімдерін үзу, сондайақ қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтату туралы процестік шешімдерді бекіту, қылмыстық теріс қылық туралы хаттама және бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулы жатады.
Негізгі шешімдерді прокурорлардың келісуі және бекітуі тергеу процесін ашық етіп, ол бойынша нақты мерзім ішінде тиісті шешім қабылдануына оң ықпал етеді. Өз кезегінде бұл процесс азаматтардың қылмыстық істер бойынша сергелдеңге салынып, әуре-сарсаңға түсуінің алдын алса, сәйкесінше олардан түсетін арызшағымдарды болдырмауға септігін тигізеді. Сонымен қатар, прокуратура сүзгі ретінде әрекет ететін, заңсыз шешімдерді барынша жоятын, тергеудегі барлық аспектілерді қамтитын, қадағалау органы тарапынан қылмыстық істердің бақылаусыз өту фактілерін толығымен жоятын қылмыстық процестің жаңа моделі.
Мысалы, ағымдағы жыл басынан бері аудандық прокуратурамен күдікті деп тану туралы 39, күдіктінің әрекетін саралау туралы 69, қылмыстық істің мерзімін үзу туралы 46, қылмыстық істің бабын саралау туралы 18 шешім келісілсе, қылмыстық істі тоқтату туралы 65 қаулы, қылмыстық теріс қылық туралы 6 хаттама бекітілген.
Осылайша, қылмыстық қудалау органдарымен қабылданған әрбір шешім прокуратурамен жан-жақты зерделеніп, азаматтардың конс титуциялық құқықтарын қорғау және азаматтарды қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тарту фактілерінің жолын кесу бағытында барлық шаралар қолданылуда.
Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімімен тіркелген қылмыстық істер бойынша тергептексеру әрекеттері 100 пайыз электронды нысанда жүргізілуде. Мұны электронды нысанда жүргізу барынша ашықтықты қамтамасыз етіп, тергеушінің, прокурордың және соттың жұмысын бағалауға мүмкіндік бере отырып, дәлелдемелерді бұрмалау, заңсыз шешімдер шығару мүмкіндігін болдырмайды.
Қылмыстық процестегі бұл жаңа жүйе тараптардың тең құқықтылығын, олардың қылмыстық процестегі жарыспалылығын, сондай-ақ аза маттардың қылмыстық іс жүргізу жүйесіне сенім деңгейін арттырады.
– Прокурор заңбұзушылықты анықтаған жағдайда қандай шешімдер қабылдауға құқылы?
– «Прокуратура туралы» конституциялық заң да прокурордың өкілеттіктері, прокурор қызме тінің құқықтық кепілдіктері айқындалған. Соған сәйкес прокурор анықталған заң бұзушылықтың сипатына қарай тиісті актілер енгізу арқылы заң бұзушылықтарды жоюды, олардың алдын алуды, болдырмауды және адам мен азамат құқықтарының қорғалуын, бұзылған құқық тардың қалпына келуін қамтамасыз етуге шаралар қолданады.
– Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың көбеюінің себебі қандай?
– Жыл басынан кәмелетке толмағандармен жасалған 3 қылмыс тіркелсе, оларға қарсы жасал ған 6 қылмыс тіркелген. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың 2-еуі бұзақылық, 1-еуі ұрлық қылмыстары. Ал, оларға қарсы жасалған қылмыстардың 2-еуі бұзақылық болса, 4-еуі қылмыс жол көлік оқиғаларында балалардың дене жарақат алуы немесе қайтыс болу фактілері. Бұл мәселе бойынша аудан әкімінің, құқық қорғау және уәкілетті орган басшыларының қатысуымен бірнеше рет арнайы комиссия отырысы, жедел мәжіліс, халықпен кездесу өткізілді. Бұдан бөлек, кенттегі және ауылдардағы білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде семинарсабақтар, арнайы дәрістер ұдайы жүргізілуде.
Аталған шараларда қоғамдағы негізгі құндылықтар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және басқа да заңсыз әрекеттің (есірткі, шылым, спирттік ішімдіктер, т.б.) себеп-салдары, оның алдын алу бойынша қабылданған шаралар, суицид, ерте жүктілік, түнгі уақытта жалғыз жүру, ойын-сауық орындарына бару, әлеуметтік желілердегі теріс ақпараттардың жастардың дамуына кері әсер ететіні туралы және тағы басқа да өзекті мәселелер қамтылып, кеңінен талқыланады. Бұл бағыттағы шаралар, яғни көпшіліктің, оның ішінде жасөспірімдердің құқықтық санасын көтеру, құқық бұзушылық профилактикасын күшейту мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп оқушылар үшін арнайы дәріс оқу жұмыстары белсенді жалғасуда.
– Ауданкөлеміндежасапжатқанжұмыстар туралы айтсаңыз?
– Жалпы аудандық прокуратурамен аудан көлемінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде осы жылы атқарылған жұмыстарға бірнеше сала бойынша қысқаша тоқталып өтсем.
Ауданда қылмыстылық жағдайы өткен жыл дың 11 айымен салыстырғанда 13 пайыз (90/78) төмендеген. Дегенмен, жол көлік оқиғаларына және есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстық істер біршама өскен. Аталған мәселені тоқсан сайын аудан әкімдігі жанындағы ведомствоаралық мәжілістерде талқылап, тиісті шешімдер қабылданды. Одан бөлек, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың, алаяқтық, мал ұрлығы, жол көлік оқиғаларының алдын алу бағытында және тәуекел тобындағы тұлғаларға қатысты профилактикалық жұмыстар тұрақты жүргізілуде.
Азаматтардың конституциялық құқық тарының бұзылуына жол берілмеген. Қылмыстық істер 100 пайыз электронды форматта жүргізілуде.
Қоғамдық мүдделерді қорғау саласы бойынша 3 (3) тексеру, 31 (33) талдау жүргізілсе, 37 (36) қадағалау актілері енгізіліп, 120 (102) тұлға жауапқа тартылған, 14998 (9947) адамның құқықтары қорғалып (2807/3408 конс), 28,1 млн (24 млн) теңге мемлекет пайдасына өндірілген.
– Қызметтегіжұмыс барысыментаныстық. Ал енді шаңырағыңызға қарай ойыссақ. Қызмет кейбір адамды суық, салқынқанды етіп көрсетіп жатады. Жалпы қандай әкесіз? Ал сіздің отбасыңыздағы орныңыз қандай?
– Отбасында жарыммен бірге үш бала тәрбиелеудеміз. Барлығы да мектеп оқушылары. Олардың білімді, адал, отансүйгіш, еңбекқор болып өсуі үшін жақсы тәрбие беруге тырысып жатырмыз.
– Жалпы адам бойындағы қандай қасиетті жоғары бағалайсыз?
– Абай атамыз айтқан бес нәрседен қашық болу, бес нәрсеге асық болу адам бойында жақсы қасиеттерді қалыптастырады. Сондайақ, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, сабырлылық сияқты жақсы мінездер білімділікпен ұштасса, онда ол адам жақсы қасиетпен сипатталады деп есептеймін. Ал, салт-дәстүр, діни тұрғыдан алғанда обал мен сауапты түсінген адам тура жолдан таймайтыны анық.
– Әңгімеңізге рақмет. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
Сұхбаттасқан Ақнұр САҒЫНТАЙ
05 желтоқсан 2023 ж. 454 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031