» » Маңызды инвестициялық жобаларды прокуратура сүйемелдейтін болады

Маңызды инвестициялық жобаларды прокуратура сүйемелдейтін болады

Келешекте маңызды инвестициялық жобаларды прокуратура сүйемелдейтін болады. Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осныдай тапсырма берді.

«Жуықта мен Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі етіп Мұрат Нұртілеуді тағайындадым. Оның халықаралық саладғы тәжірибесі айтарлықтай. Лауазымдық міндетіне байланысты ол, сондай-ақ, инвестиция тартумен де айналысады. Нәтижесі болады деп үміттенемін», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент бұл іске «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын тарту қажеттігін айтты.

«Әрбір маңызды инвестициялық жобаны прокуратура қызметкерлері сүйемелдеуі қажет деп есептеймін. Бұл ұжымдық жауапкершілік жүйесін жолға қоюға мүмкіндік береді және мемлекеттік қызметшілерді дұрыс емес шешім қабылдаймын деген үрейден арылтады.

Мұндай шара инвестицияларды тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға тиіс және шетелдік кәсіпкерлердің инвестицияларының қауіпсіздігіне кепіл болады. Мұның бәрі біздің еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді деп есептеймін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
19 сәуір 2023 ж. 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031