» » ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайылов тағайындалды

ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайылов тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды
ҚР Премьер Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайылов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, бүгінгі Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын депутаттардың қарауына ұсынған болатын. Талқылау барысында Мәжіліс депутаттары Президенттің ұсынысын бірауыздан қолдап, Әлихан Смайыловтың Үкімет басшысы болып тағайындалуына келісім берді.
Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы — ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды. 1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған. 1999–2003 жылдары — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы. 2003–2006 жылдары — ҚР Сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы. 2006–2009 жылдары — ҚР қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰБХ президенті. 2009–2014 жылдары — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы. 2014–2015 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы. 2015–2018 жылдары — ҚР Президентінің көмекшісі. 2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін — Қаржы министрі. 2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалған еді.

11 қаңтар 2022 ж. 657 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 679
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 430

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031