» » НЕСИЕ ҚАЛАЙ ЖАБЫЛАДЫ?

НЕСИЕ ҚАЛАЙ ЖАБЫЛАДЫ?


Басында бірнеше несиесі бар қазақстандықтардың 300 мың теңге көлеміндегі қарызы ғана жабылады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

«Егер адамның бірнеше несиесі болса, бәрібір 300 мың теңге көлеміндегі қарызы өтеледі», - дейді министр.
Ал Ұлттық банк мұндай жағдайда, бірінші кезекте, қай банкте несиелік қарызы көп, соны өтеуді ұсынды. 
«Қарыз мөлшерінің көптігіне байланысты өтеуді ұсындық. Теңдей бөлу деген міндет жоқ. Жеке тұлғаның қарыздарының мөлшеріне қараймыз», - дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков.
Сонымен қатар Әлихан Смайылов банктерден несиелер алған бір отбасының мүшелерінің барлығының қарызы жабылатын-жабылмайтыны туралы сұраққа жауап берді.
«Бір отбасында күйеуі де, әйелі де несие алуы мүмкін. Олардың әрқайсысының 300 мың теңге көлеміндегі қарызы өтеледі», - дейді Смайылов.
Еске сала кетсек, 26 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы және мүгедек баласы бар отбасылардың несиесін жабуды тапсырды.
06 шілде 2019 ж. 1 297 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 270
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 146

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031