Азаматтық іс оңайтылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

Сот жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгіледі. Талап арызға жауапкерден пікір немесе қарсылық сотқа түскен жоқ.
Қармақшы аудандық соты талап қоюшы «Евразиялық Банк» АҚ-нің талап арызын толықтай қанағаттандырып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына жалпы сома 784 561 теңге несие қарызын және 22 966,77 теңге мемлекет баж өндіру туралы шешім шығарды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар:
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі