» » Астанада қарызы бар адамды кіргізбейтін «ақылды» домофон таныстырылды

Астанада қарызы бар адамды кіргізбейтін «ақылды» домофон таныстырылды

Татарстан Республикасы Қазан қаласы мэрінің орынбасары Искандер Гиниятуллин елордада өтіп жатқан «ТҮКШ-ті цифрландыру: ашықтық және сапа» атты іс-шарада «Ақылды домофон» жүйесінің мүмкіндіктерін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біздің Қазан қаласында қолданыстағы «Қауіпсіз қала» жүйесі элементтерінің бірі - «Ақылды» домофон. Ол видеобақылау және азаматтарға дауыстап хабар беру құрылғысымен қамтылған. Яғни, әлгі азамат үйіндегі домофонға жақындаған кезде жақын арада су немесе жарық жүйесі өшірілетіні, ал қарызы бар адамдарға берешегінің бар екені «ақылды» домофон арқылы айтылады. Қарыз алушы «ақылды» домофон арқылы қанша ақша қарыз екенін тиынына дейін біле алады. Яғни, домофон дауыстап хабар беріп бітпейінше есікті ашпайды», - дейді ол.
Қазан қаласы мэрінің орынбасары өз сөзінде «ақылды» домофондардың баламасын көрмеде де көргенін атап өтті.«Өнертапқыш жігіттер домофон арқылы қарызы бар адамдарды жеңіл тоқпен ұруды ұсынып отыр. Алайда біздің ойымызша, бұл шара қаталдау секілді», - деп күлді Искандер Гиниятуллин.Еске сала кетсек, Астанада ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-пен бірлесіп, «ТҮКШ-ті цифрландыру: ашықтық және сапа» атты іс-шара өткізіп жатыр.Аталмыш іс-шарада ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Қазақстанда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласын цифрландыру жұмысы басталып кеткенін мәлім еткен еді.

27 қазан 2018 ж. 958 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 140

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 289

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930