» » Облыстық адвокаттар алқасының қатысуымен жедел мәжіліс өтті

Облыстық адвокаттар алқасының қатысуымен жедел мәжіліс өтті

Облыс прокурорының орынбасары Мырзабаев Бахытжан Абдужаппарұлының төрағалығымен 23.11.2022 ж. күні «Қазақстан Республикасының Прокуратурасытуралы» Конституциялық Заңын талқылау және қылмыстық процесте адамдардың құқықтарымен бостандықтарын қорғау бағытында жедел мәжіліс өткізілді.
Жедел мәжіліске облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Даубалаев Мейрбек Тилләбекұлы мен алқа мүшелері қатыстырылды.
Оның барысында қылмыстық қудалау органдары мен сотқа дейінгі тергеп-тексеруд іұйымдастыру барысында туындаған мәселелер талқыланып, азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында іс-шаралар белгіленді.
Атап айтқанда, адамдардың қылмыстық қудалау органдарына негізсіз жеткізілуін болдырмау, жеткізу мен ұстап алу кезінде Қылмыстық процестік кодекстің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және азаматтарды білікті заң көмегімен қамтамасыз бағытында бірлесіп әрекет жасау мәселесі көтерілді.
Сонымен қатар «Прокуратура туралы» Конституциялық Заңының ерекшеліктері талқыланды.
Нақтылағанда, қазіргі заманғысын-қатерлер прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтуді және жоғары қадағалау органын жаңғыртуды, прокурорлар қызметінің нығайтуды талап етеді.
Осыған сәйкес «Прокуратура туралы» Конституциялық заңда заңдылықты сақтауды неғұрлым тиімді қамтамасыз етуде, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын, бизнестің, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін құралдармен тетіктер бекітілді.
Конституциялық заңға сәйкес Бас Прокурордың Конституцияға ресми түсіндіру бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтініш жасау өкілеттігі берілген.
Бұдан бөлек прокурор актілерінің жүйесі қылмыстық қудалау саласындағы актілер мен толықтырылып, прокурорлық қадағалау актілерінің жүйесі кеңейтілді.
Бұл актілер азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін жылдам қорғау мақсатында қолданылатын болады.
Конституциялық заң жобасы тұтастай алғанда елдегі заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шешуге бағытталған.
24 қараша 2022 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 081

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031