» » » Талаптанса, азамат алмайтын асу болмайды

Талаптанса, азамат алмайтын асу болмайды

qarmaqshy-tany.kz Тарих тасқа қашалып жазылған өшпейтін қазына. Ондағы өзгерістер мен жаңалықтар жылдан-жылға қатталып, келешекке беріліп отырады. Ғасырға жуық тарихын арқау еткен қасиетті топырағымызда да талай азаматтың өзіндік қолтаңбасы қалыптасты. Оның ішінде туған жер перзенті, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері, Жаңақорған ауданының әкімі, облыс әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат хатшысы, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты қызметтерін абыроймен атқарған, әсіресе тәуелсіздіктің қиынқыстаулы келген алғашқы жылдарында ауданымызды алты жыл бойы басқарған Бекмырза Еламановтың да есімін құрметпен атай аламыз. Төменде ел ағасымен болған сұқбатты қадірменді оқырман назарына ұсынамыз.
– Бекмырза Қайыпұлы, ауданымыздың қалыптасуында сіздің де үлесіңіз бар. Нақтысын айтар болсақ, ауданды алты жыл басқарыпсыз. Сол уақытта қандай жұмыстар атқарылды, нендей өзгерістер орын алды?
– Аудан әкімі болып 1995 жылдың қазанынан бастап, алты жыл қызмет жасадым. Бұл қызметке аудандағы III Интернационал ұжымшарының басқарма төрағалығынан келдім. Бұл уақытта еліміз қалыптасып қалған жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көше бастаған болатын. Шаруашылықтар шатқаяқтап, өндірістердің өркені үзіліп, күнделікті өмірімізде өте қиын жағдай қалыптасқан болатын. Көптеген жұмыс орыны жабылып, іргелі ұжымдар ұсақталып жатты. Бюджеттің жағдайы мүшкіл еді. Бірнеше айлап жұмысшылардың, бюджеттік салада еңбек ететін қызметкерлердің еңбекақылары мен көпбалалы аналардың жәрдемақылары төленбеген кез. 2022 жылға арналған аудан бюджеті 22 млрд теңге болса (білім саласын қосып есептегенде), ол кездегі жылдық бюджет небәрі 29-30 млн теңге көлемінде болды. Осының өзі көзіқарақты адамға біраз сырды аңғартады. Сондай қиындықтардан шығудың жолдарын іздеп, шаруашылықтарға бидай, сафлор еккізіп, оларды өңдеп ұн, май шығартып, жұмысшылардың еңбекақысын сол өнімдермен есептестік. Өзімізде жоқ қажетті заттарды басқа аймақтардан күрішке айырбастап жеткізіп отырдық. Облыс бойынша вексель шығарылып, бюджеттік мекемелер қызметкерлеріне азықтүлікпен есептесу мүмкіндігі жасалды.
Ауыл шаруашылығы саласының жағдайы тым қиын болды. Техникаларға қосымша бөлшектер мен жанар-жағармай жетіспейді. Оларды алатын шаруашылықтардың жағдайы жоқ. Көктемгі егіс кезінде аудандық мұнай базасында сақтауда тұрған «мемлекеттік резервтің» қорынан, сол кездегі база басшысы Ә.Байбарақовтың қиналғанына қарамастан (кейбір заңдылықтарға қайшы) қарызға бергізіп, жетпегенін көрші Байқоңырдағы әскерилерден қарызға алатын едік. Осылайша, құрапсұрап жоспарланған егіс көлемі егіліп, өнім алынатын. Ақырында, тынымсыз еңбектің арқасында жыл қорытындысы бойынша аудан алдыңғы қатардан көрінетін.
Қиын жағдайға қарамастан елді мекендердегі мәдениет үйлерінің, клубтардың, кітапханалардың жұмыстары тоқтаған жоқ. Елдің көңіл-күйін көтеруде аянбай жұмыс жасалды. Аудан тұрғындарымен кездесулер өткізетінбіз. Көпшілік ондай басқосуларға ренішпен келетін. Олардың бәріне қиындықтардың уақытша екендігін, еліміздің енді-енді аяғына тұрып келе жатқандығын, келешекте экономикамыз дамып, ел жағдайының жақсаратынын түсіндірудің өзі оңай болмайтын.
Дегенмен, әр нәрсенің қайыры бар деп өскен ауыл адамдары болашаққа сеніп, ынсабын, ынтымағын жоғатпай, қиын кезеңде «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», жұмыла жұмыс істеді. Бірлігін байрақ қылған осындай аудан тұрғындарына алғыстан басқа айтарым жоқ. Бүгінгі таңдағы ауданның қол жеткен жетістіктерінің бастауы сол кезеңдерде жатыр деп білемін.
– Туған жерге қызмет ету қаншалықты жауапкершілік жүктейді?
– Қай жерде болмасын ер азамат үшін елге қызмет жасау – бақыт. Ал, туған жерге қызмет етудің жауапкершілігі де, абыройы да жоғары. Себебі, осы елде туып-өстік, елдегі азаматтардың көпшілігімен араласып, бірге қызмет жасадық, бір-бірімізді жақсы білеміз. Олар сенің атаанаңды жақсы біледі. Сондықтан бір игі ісіңді көрсе, атаңа рақмет дейді. Ағайынның арұяты деген бар. Басшымын деп біреудің жолын кесіп, біреудің қолын қағып, өзін бір саты биікке ұстау – білімсіздік болады. Білім дегенде ұлт болмысының тәлімін айтып отырмын. Әр басшыға қазаққа тән кішіпейілдік, кеңдік әркезде керек. Кейбір жағдайда қызмет заңына қайшы, бірақ адамгершілік заңының алға шығатын кездері болады. Мен жаңа Ә.Байбарақовтың қиналғаны туралы айтқанымда да осы сыр жатыр. «Адам заң үшін тумайды, заң адам үшін жазылады» депті бір ғұлама. Басшы таразының қалтылдап тұрған екі басын тең ұстай білуі тиіс.
Міне, туған жерге қызмет ету осындай жауапкершіліктер жүктейді.
Ең басты міндет – мүмкіндігінше елдің ризашылығын алып, ата-анаңның атына кір келтірмей, адал, таза қызмет жасау.
– Сіздің өсу жолыңыздан қарапайым қызметкерден бастап Парламент Сенаты депутатына дейін көтерілген үлкен еңбекті көреміз. Осы ретте қандай тәжірибемен бөлісер едіңіз?
– 1974 жылы Алматы зоотехникалықмалдәрігерлік институтын үздік дипломмен бітірдім. 1974-1983 жылдар аралығында сол кезде жаңадан құрылған аудандық шаруашылықаралық мал бордақылау алаңында, кейін III Интернационал ұжымшарының бөлімшесі болып қайта құрылған, «Спецхозобъединениеде» мамандығым бойынша жұмыс істедім. Міндетіміз – аудан ұжшар, кеңшарынан 1,5-2 жасар өгізшелерді қабылдап, оны бордақылап орташа салмағын 300-350 килограмға жеткізіп, ет комбинатына өткізу. Институт қабырғасында алған білімімізді пайдаланып, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу арқылы, мал азығының құнарлылығын арттырып, бордақыдағы малдан қосымша салмақ алуда жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік.
1982 жылдың көктемінде, сол кездегі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Елеу Көшербаев келіп, шаруашылықты аралап көріп, жұмысшылармен, мамандармен пікір алысты. Жұмысымызға жақсы бағасын берді. Кетерінде менен партия қатарында барсың ба деп сұрады. Мен партияға өтпеген едім. Ертеңіне, сол кездегі III Интернационал ұжымшарының партком хатшысы П.Ким келіп, менен коммунистік партия қатарына өту туралы өтініш жаздырып алды. Көп ұзамай кандидат болып, бір жылдан соң партия қатарына өттім.
1983 жылы III Интернационал ұжымшарының партком хатшысы болып сайландым. Менің еңбек жолындағы баспалдақтарым осылай басталды. Еңбек жолымда бес рет балама сайлауға түсіп, қызметке орналастым.
Біріншісі – 1987 жылы Қуаңдария кеңшарының директоры болдым. Екіншісі – 1990 жылы Халық депутаттары аудандық Кеңесінің төрағасы болдым. Үшіншісі – 1994 жылы III Интернационал ұжымшарының басқарма төрағалығына түстім. Төртіншісі – 2012 жылы облыстық мәслихатының хатшылығына, бесіншісі – 2014 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайландым.
Қандай қызметте болмасын көптің жүгін арқалауда әділдік пен тазалықты таяныш қыла білсең, жаныңды аямасаң, құрметке де, абыройға да ие болатының анық.
– Парламент демекші, парламент қабырғасында қандай заңдардың қабылдауына, талқылануына атсалыстыңыз?
– Парламентте әуелгі үш жыл экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комитетте отырдым. Бұл мәселесі өзекті, міндеті ауыр комитеттің бірі болды. Ел дамуының ең алдыңғы сатысында экономика саласы тұрады. Сондықтан, кәсіпкерлікті дамыту, оған қолдау көрсету жөніндегі көптеген заңдарды талқылауға қатысып, қордаланған мәселелердің оң шешімін табуына бір көмегім тиді деп сенемін. Кейінгі үш жыл ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі комитетте жұмыс істедім.
Өзім ауыл өмірінен шыққан адаммын, қиын кезеңде шаруашылыққа, аграрлы ауданға басшылық жасадым. Сондықтан мен ауыл шаруашылығының қажеттілігін жақсы сезінемін. Комитетте отырған үш жылда шаруашылық пен шаруа адамдарының мәселелерін шешетін заңдар қабылдауға атсалысқаныма ризашылықта болдым.
– Қызметтің түрлі сатысынан өткен, мол тәжірибе жинақтаған азамат ретінде жас мамандарға қандай кеңес берер едіңіз?
– Елімізде білімді, білікті жастарға өздерінің алға қойған мақсаттарына жету үшін бар мүмкіндіктер жасалған. Қазіргі техника, технологиялар, интернет, IT технологиялар дамыған заманда жастарымыз бәсекеге қаблетті болу үшін терең білімге баса мән беру керек. Сонымен қатар, жастарымыздың бойынан адалдықты, тазалықты, әділеттілікті көргіміз келеді. Негізі осы сұраққа Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мына сөзімен толық жауап беруге болады:
«Шын мәнінде, біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Ұлы Абай: «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал, арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдық ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады. Ендеше, Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс. Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуға ұмтылуы қажет».
Шын мәнінде азаматқа адалдық серік болғанда барлық асуды алады, биікке шығады. Жастарға баса айтарым – осы.
– Биыл ауданның құрылғанына 95 жыл толып отыр. Қандай лебіз білдірер едіңіз?
– Қасиетті Қорқыттың мәңгілік қонысы, бір ауылынан жүз жырау шыққан өнердің өрісі болған Қармақшы қашаннан ырыс, ынтамақпен көктеп-көгерген өлке. Мерейлі мерекеде аудан халқына бақ-берекелеріңіз арта берсін, жаңа Қазақстанның жарқын болашағы үшін жасап жатқан ерен еңбектеріңіздің жемісі мәуелі болсын, деген тілек білдіремін. – Жылы да ілтипатты сұқбатыңызға көп рақмет.
Әңгімелескен Сәрсенкүл АҚКІСІ
02 қыркүйек 2023 ж. 503 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 099

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031