» » » «Ауыз суға үнем керек»

«Ауыз суға үнем керек»

Ішетін суына құрмет көрсеткен қазақ халқы оны «тіршілік көзі» деп әспеттеп, тіпті «Судың да сұрауы бар» дейді. Бұл тіршілік көзіне терең үңіліп қарайтын болсақ, бір жұтым судың қаншалықты қадірлі екенін аңғару қиын емес. Ғалымдар келешекте ауыз судың тапшылығы басты түйткілге айналатынын айтады. Себебі қазір таза суды ретсіз рәсуалайтындардың саны артып, керісінше келешектің қамын ойлағандардың қатары сиреуде. Тіпті бұл жағдай өзіміз тұрған аймақта да болып жатқаны жасырын емес. Аудандағы ауыз судың ахуалы жайында «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінің басшысы Әділет Қаршығаұлымен сұқбаттасып білдік.
– Қазіргі таңда ауыз су мәселесі болашақта әлемді алаңдатып отырған үлкен мәселе болуы ғажап емес. Осыған орай біздің ауданда ішер судың жайы қалай? Ауыз су қоры жеткілікті ме?
– Ауданды қазір ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған ІІІ Интернационал ауылы. Мұнда бес ұңғыма орналасқан. Судың жеткілікті қоры 2016 жылдан бастап есептегенде 2041 жылға дейін деп жоспарланып отыр. Алайда бұл болжам оған жетпеуі де мүмкін. Себебі қазір халық арасында үлкен мәселе бар. Күнделікті тұтынар суымызды ретсіз пайдалану, яғни жазда аяқ су есебінде қолдану факторы көп орын алуда. Соның салдарынан, бір жағынан дария деңгейінің төмендеуіне байланысты ауыз судың қоры 2035 жылға жетпей бітіп қалуы мүмкін деген болжам бар. Сол үшін осы кезден бастап жан-жақтан тұщы су қорын қарастырып жатырмыз. Оның өзі үлкен жұмыс. Жер астынан мұнай іздегенмен бірдей зерттеулер жүргізіледі. Мәселен ІІІ Интернационал ауылындағы ұңғымадан су 317 метр тереңдіктен өндіріледі. Одан бері қарай ауданға 55 шақырым жерден келуі тағы бар. Жолай елді мекендерді де сумен қамтамасыз етеді. Бұл жалғыз ауданда емес, бүкіл Қазақстанда болып жатқан мәселе. Мысалы Солтүстік Қазақстандағы бірқатар облыстар Есілдің суын ішіп отыр. Соның өзінде өзенде жыл өткен са­йын су деңгейі төмендеген.
– Күзден бастап ауыз суды пайдалануға шектеу қойылуына байланысты оның құнын төлеуде халық арасында түсінбеушілік орын алуда. Су ақысын төлеудегі өзгерістер жөнінде кеңінен түсіндіре кетсеңіз?
– Жоғарыда айтып өткендей ауыз су тапшылығы Қазақстан бойынша болып отырған жағдай. Сол себепті мемлекет осы мәселенің алдын алуда шешім шығарып, суды пайдалануда шектеу қойды. Мәселен үйінде су өлшеуіш құралы жоқтарға адам басына 200 литр етіп бекітті. Бір адам тәулігіне 200 литр су тұтынса, соны 30 күнге көбейтеміз. Сонда бір айда 6 текше метр су пайдаланғаны шығады. Сол шыққан текше метр суды 40 теңгеге көбейтсек судың бағасы шығады. Осылайша үйдегі адам санына қарай есептеледі. Ал енді су өлшеуіш құралы барлар 4,3 текше метрге 30 теңгеден төлейді. Егер белгіленген шектеуден асып кетсе 507,14 теңге толық судың құнын төлейді. Оның өзі бір водовоз су. Бұл мәселені аудан ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, көше комитеттері болып су өлшеуіш құралы жоқ тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргіздік.
– Аудан толықтай ауыз сумен қамтылса да кей аймақта су беру жағы төмен. Неліктен?
– Жалпы аудан соның ішінде елді мекендер ауыз суды 24 тәулік тұтынып отыр. Ал кентке қыс мезгілінде толық тәулік бойы су берсек, сәуір мен қыркүйек айы арасында судың беру уақытын қысқартып отырмыз. Неліктен? Өйткені жазда суды бақшалыққа, басқа да жағдайларға пайдаланатындар көп. Осының әсерінен шеткі аймақтарға су бару деңгейі төмендеп кетіп жатыр. Бір жағынан кенттегі су жиналатын резервуарларда су қоры тез таусылып қалып жатыр. Сол үшін жазда күндіз халыққа су беріп, түнгі сағат он екіде тоқтатып тастаймыз да, қалған уақытта резервуарға су жинаймыз. Судың жай келуінің тағы бір себебі Иіркөл ауылы мен аудан арасындағы магистральді су құбырының бөлігі жоғары қысымды көтермей, жиі авариялық жағдайдың орын алуына әкеп соғуда. Осыған орай судың қатты айдау күшіне шыдас бермегендіктен төменгі күшпен су жинап отырмыз. Ол да ұзақ уақыт алады. Келер жылы көнерген құбырды ауыстыруды жоспарлаудамыз.
– Сұқбатыңызға рақмет.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
21 желтоқсан 2021 ж. 697 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031