» » » "Карантин кино саласына келуіме себеп болды"

"Карантин кино саласына келуіме себеп болды"


БҮГІНДЕ YOUTUBE ЖӘНЕ AITUBE АРНАСЫНДА КӨРЕРМЕННІҢ КӨЗАЙЫМЫНА АЙНАЛЫП ЖҮРГЕН СЕРИАЛДАР ЖЕТЕРЛІК. СОНЫҢ БІРІ – SALEM SOCIAL MEDIA КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН «PIZНЕСМЕН ҚАНАТ» АТТЫ СЕРИАЛЫ ҚАЛЫҢ КӨРЕРМЕН НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ. БАСТЫ РӨЛДІ СОМДАҒАН БЕЛГІЛІ ӘЗІЛМЕН, «ӘЗІЛ ӘЛЕМІ» ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРЫ ҚАНАТ ӘЛЖАППАРОВПЕН БОЛҒАН СҰҚБАТЫМЫЗДЫ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА ҰСЫНАМЫЗ.
– Қанат Жақсылықұлы, инстаграм желісіндегі постыңызды жиі көріп отырамыз. Жақында қызды болыпсыз, құттықтаймыз! Жалпы биылғы жыл сіз үшін қалай басталды?
– Рақмет! Биыл мен үшін ерекше қуанышты жыл десем болады. Өзіңіз айтқандай бесінші рет әке атандым. Келіншегім қыз сыйлады. Есімін Карантина деп қойдық. Әрине әзіл, атын Ирина деп қойдым. Одан бөлек кино саласына аяқ басып жатырмын. Әзірге басты деген жаңалықтарым осы. Құдай қаласа алдағы уақытта қуаныштарым болып жатса бөлісіп отырамын.
– Жақында «Pizнесмен Қанат» атты сериалыңыз көрерменге жол тартты. Мұндай жаңа қадамға, жаңа қырыңыздан көрінуге не түрткі болды?
– Шынымды айтсам мұның бәрі ойламаған жерден болды. Бәріне кінәлі карантин (күліп). Бұл кино, сценарист Абду­сайд Шайхисламұлының ой қиялынан туындаған дүние. Яғни ойын-сауық саласындағы адамдардың тағдыры туралы негізінде алынған. Кино туған жерім Қызылорда қаласында түсірілді. Театрда жүргенде аяқ астынан карантин басталып жұмыстың бәрі тоқтап қалды. Шоу бизнес саласында жүргендерге қатты кесірі тиді десем артық айтпаймын. Соның ішінде маған оңай тимеді. Бір жыл жұмыссыз жүріп, нәпақа табудан қалдық. Содан Абдусаид­ киноға түсуге ұсыныс жасады. Мен бастапқы кезде қатты жатырқадым. Бұрын-соңды өмірімде болмаған жағдай ғой. Түсірілім барысында көп кедергі болды. Ауа райы да мың құбылып жаңбыр жауып, артынан дауыл болып кетті. Одан бөлек Қалжан ахун ауылында түсірілгесін ауылдағылардан қатты қысылдым. Ащы су ұрттап алған «братандардың» «Мынау не істеп жүр?» деген пікірі де кедергі келтірді. Ойламаған жерден олар да киноға түсіп, берілген рөлдерді жоғары деңгейде ойнап шықпасы бар ма? Не керек әйтеуір уайымдап, қобалжып жүріп 10 бөлімнен тұратын киноны ойдағыдай түсірдік.
– Кино қаншалықты өмірден алынған?
– Ашығын айтсам бұл кино менің өміріме негізделіп жазылған. Карантиндегі қиыншылықтарым бәрі көрсетілген. Бірақ шын мәнінде жеке кәсібім, бизнесім жоқ. Кинодағы образыма қарап менен бизнесмен шықпайтынын білдім.
– Қанаттың кино түсіруде жолы болып көтеріліп жатса, театрды тас­тап кетуі мүмкін бе?
– Жоқ, мүмкін емес. Театр менің жұмыс орным. Осының арқасында нан тауып, бала-шағаны асырап жүрміз. Одан бөлек сахнаның киесі деген болады. Халыққа театр арқылы танылғаннан кейін оны тастап кету мен үшін қиын сияқты. Ал кино саласы ол екінші жоспардағы бизнес.
– Жалпы әзілді жазуға кім көмек­теседі, кімдермен ақылда­сасыз?
– Әзілді жазарда достарыммен ақылдасамын. Соның ішінде «Жайдарманда» бірге ойнаған жігіттер. Әсіресе қызылордалық Сержан есімді жігіттің көмегіне көп жүгінемін. Ол қазір Salem Social Media компаниясында жұмыс істейді. Менің әзілдерімді сүзгіден өткізіп, өңдеп отыратын сол. Кейде әзілді халыққа жеткізуге қысылып тұрсам «Қанеке сіз алып шығасыз, қорықпаңыз» деп қолдау көрсетіп отырады. Мен де оған әбден сенім артып алғанмын.
– Есен Елеукен мен Тұрсынбек Қабатов екеуі де сіздің үлкен сахнадан көрінуіңізге себепші болды. Қайсысын ұстаз деп қабылдайсыз?
– Есен аға мен Тұрсынбекті бөліп-жару әсте келмес. Мен үшін екеуінің де орны бөлек. Есен Елеукен «Жайдарманға» шығарып, халықпен жүздестірген алғашқы ұстазым болса, Тұрсынбек Қабатов үлкен театр жолына әкелген жоғары сыныптағы ұстазым секілді. Сондықтан да ол кісілерге деген құрметім мен алғысым шексіз.
– Өнер адамы көбіне сыртта жүреді, сіз қаншалықты отбасыңызға көңіл бөлесіз?
– Былтыр карантинде отбасыма әбден көңіл бөлдім десем болады (күліп). Қазақта «Ер азығы жолда» деген бар. Біз өнер адамы болғаннан кейін гастрольдік сапарда көп боламыз. Бала-шағаны асырау үшін ақша табу керек. Құр алақанды жайып отырғаннан ештеңе өзгермейді ғой. Келіншегім де оған үйренген, барлығына түсіністікпен қарайды. Балаларым да тәрбиеден қалып жатқан жоқ. Құдайға шүкір деймін бір-біріне қарайласып, анасына қолғанат болып қалған. Сағынғанда келіп тұрамын.
– Бізде жоғарыдағылар саяси әзілді қаншалықты қабылдай алады? Сын көтеру жағын айтсаңыз...
– Сын көтеру әр кезде әр қалай. Кейде сынды көтере алмай қалып жатады. Олай дейтінім бір-екі рет сахнада айтылған әзілім көрсетілімге келгенде кесіліп қалып жатты. Соған қарағанда қатты айтып жіберген болуым керек. Бір әзілім ғана халыққа жақсы өтті. Ол «Кезінде анасының жерігі қанбай, есесіне баласы асфальтты жеп қойған. Жерігі қанбаған бала» дейтін әзілім көрерменге толық көрсетілді. Бізде Тұрсынбек қана саяси әзілдерді жақсы жеткізеді.
– Қазіргі таңдағы әзілдердің сапасына қандай баға бересіз?
– Өз басым қазақ әзілінің сапасына жақсы баға беремін. Себебі соңғы 3-4 жылда қазақша әзілдер жоғары деңгейге көтерілді. Уәлибек пен Жүсіп ағамыз бастаған «Шаншар» әзіл-сықақ театры заманына қарай әзілдерді орындап отырды. «Алдараспан» театры да халықтың ыстық ықыласына бөленуден кем түскен жоқ. Одан бөлек «Өнер Қырандары» имандылық тұрғыда әзіл ойнап жүрекке жол тапса, «Назар аудар» театры жастарға жаңа леп берді. Бірақ карантин кезінде мемлекет талабына сай үйде отырып қалғаннан кейін, әзілге деген ізденіс те аздау болды деп ойлаймын.
–Әңгімеңізге рақмет!

Сұқбаттасқан
Ерсін СӘДУҰЛЫ
05 маусым 2021 ж. 850 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031