» » » Мақсат ЕСБЕНБЕТОВ: «Праймериз – көшбасшыны анықтаудың әділ жолы»

Мақсат ЕСБЕНБЕТОВ: «Праймериз – көшбасшыны анықтаудың әділ жолы»



Мақсат ЕСБЕНБЕТОВ, "Nur Otan" партиясы Байқоңыр филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Праймериз – бұл партияішілік сайлау үдерісі, оның қорытындысы бойынша саяси партиядан мәслихат депутаттығына бір ғана кандидат таңдалады. Осыған орай еліміздің әрбір өңірінде үміткерлердің құжаты қабылданды. Халық арасынан елдің дамуына үлес қосуға ниеттілердің қатары көп. Праймеризге қатысуға жерлестеріміздің де белсенділігі жоғары. Партияішілік сайлаудың алғашқы кезеңінің нәтижесі бойынша ауданға қарасты "Nur Otan" партиясы Байқоңыр филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Есбенбетовпен сұхбаттасқан едік.

– Мақсат Басахаддинұлы, праймеризге құжат қабылдау 17 тамыздан басталды. Жалпы, ашық форматтағы іріктеу елімізде алғаш рет өтпек. Тек партия мүшелері ғана емес, жалпы қоғам жаңа жобаның әрбір сәтін жіті қадағалап отыр. Көпшілікті алдағы жұмыс барысымен таныстырып өтсеңіз?
– Праймериз – қазіргі демократиялық қоғам талаптарының принциптеріне сай жасалған жаңа форматтағы қадам. Жоба Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен және нақты тапсырмасымен жүзеге асып отыр.
Жалпы, праймериз – бұл партия мүшелерінің арасынан лидерлерді анықтау. «Nur Otan» партиясы халық арасында беделді, көпшілік жақсы танитын, құрметке бөленген, партиялық-саяси салада жұмыс тәжірибесіне ие үміткерлерді анықтап, оларды Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауында партиялық тізіммен ұсынады. Праймериз кезінде сайлаушылардың қолдауын иеленген тұлғалардан тұратын халық қалаулыларына елдің сенімі де жоғары болады.
Партияның Байқоңыр филиалы праймеризді тиісті деңгейде өткізу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарды. Дауыс беруге және дебаттарды өткізуге арналған орындар белгіленді. Үміткерлерді тіркеу, саяси додаға қатыстыру жұмыстары пысықталды.
Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округі бойынша тіркелген үміткерлер арасында жастар, жеке кәсіпкерлер, білім саласының өкілдері, партия жақтастары бар.
Тамыздан бері Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округі бойынша үміткерлерді тіркеу қарқынды жүргізілді. Нақтырақ тоқталсақ, 19 үміткер өтініш білдіріп, кандидат ретінде тіркелді. 1 қыркүйек пен 3 қазан аралығы үгіт-насихат жүргізу уақыты болып белгіленген. Ал, 1-3 қазан күндері аралығында партия мүшелері онлайн түрде дауыс береді.
– Ал үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тәртібі қандай? Жалпы, үгіт-насихатқа қандай талаптар қойылып отыр?
Қазіргі кезеңде бұрынғыдай халықты жинап алып, сағаттап жиналыс өткізуге болмайды. Ондай бос шаралардан бас тарту керектігін бүгінгі кезеңнің өзі дәлелдеп берді. Мұның барлығы ең қымбат уақытты бағалай отырып, жұмысты заманауи үлгіге көшіруге жетелейді. Біз мұны міндетті түрде праймериз барысында ескеріп отырмыз.
Іс-шаралардың басым бөлігі карантин талаптарын сақтай отырып жүргізіледі. Халықпен кездесулер мен дебаттардың көпшілігі онлайн өткізіледі. Әр кездесу әлеуметтік желілерден көрсетіледі.
– Жастар – қоғамның қозғаушы күші деп жатамыз. Құжат тапсырушылардың жас ерекшелігі қандай?
– Жалпы, праймериз жастарға жасалып отырған үлкен мүмкіндік деп білемін. Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округі бойынша 35 жасқа дейін 5 кандидат, 50 жасқа дейін 7 кандидат, 50-ден жоғары 7 кандидат тіркелді.
– Ал, бүгінге дейін мәслихат мінберінде жүрген азаматтардың жағдайы қалай болмақ? Олар да іріктеуден өте ме?
– Мәслихатта халықтың ортасында беделі, абыройы бар жандар көп. Дегенмен, олар да праймеризге қатысатын болады. Яғни көшбасшыны анықтаудың әділ жолы – праймериз. Праймеризге қатысушы үміткерлердің барлығына партия мүшелерінің дауыс беру арқылы үздіктері анықталып, партиялық тізімге енеді. Алда болатын депутаттық сайлау барысында партия атынан негізгі үміткер болып тек жоғары ұпай жинаған азаматтар ұсынылады. Ал қалған азаматтар партияның кадрлық резервінде сақталып, өзге де мемлекеттік органдарға ұсынылып отырады.
– Алда еліміздің саяси жүйесінде тұңғыш рет көшбасшы партия тізімі ашық іріктеуден өткен адамдардан құралатын болады. Жалпы, бұл жоба қай елдердің тәжірибесінде көп қолданылуда?
- Алғаш рет праймериз XIX ғасырдың қырқыншы жылдарында АҚШ-та сынақтан өткізілген. Қазіргі уақытта Еуропа, Азия, Латын Америкасының біраз мемлекеті осы жүйені қолданады. Франция, Италия, Ресей, Аргентина, Уругвай мемлекеттерінде ашық праймериз өткізіледі. Оған барлық сайлаушылар қатысады. Канада, Германия, Түркия және Ирландияда жабық праймериз өтеді. Яғни тек партия мүшелері дауыс беріп, партия көшбасшыларын анықтайды. Қазақстан осы бағытты таңдап, биыл қолданысқа енгізіп отыр. Ол игі бастаманы алғаш рет «NurOtan» партиясы қолға алды.

- Сұқбатыңызға рақмет!

Сұқбаттасқан Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
02 қыркүйек 2020 ж. 1 003 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031