» » » Дастан БУХАНОВ: "Праймериз – мүмкіндіктер мінбері"

Дастан БУХАНОВ: "Праймериз – мүмкіндіктер мінбері"


Дастан БУХАНОВ:
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Ел арасында қазіргі уақытта праймериз термині жиі қолданысқа енді. Оған себеп – «Nur Otan» партиясының ішкі іріктеу сайлауы. Праймериз – АҚШ саясаткерлерінен бастау алып, өзге елдердің тәжірибесінде дәлелденген, сынақтан өткен тиімді тәсілдің бірі. Биыл «Nur Otan» партиясы алғаш рет праймериз өткізуде. Үміткерлердің құжаттары қабылданып, тіркеу жұмыстары жүруде. Аудандағы праймериздік іріктеу жұмысының жай-күйін білмекке «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Бухановпен сұхбаттасқан едік.

– Дастан Әбдібекұлы,көпшілік бұрын ести қоймаған праймериз бастамасы қолданынысқа енгізілді. Праймериздің ерекшелігі неде? Қандай мақсатты көздейді?
–Өркениетті елдердің тәжірибесін тыңғылықты зерделеген «Nur Otan» партиясы партияішілік іріктеу өткізудің ережелерін бекітіп, сайлауға түсетін кандидатты өз арасында таңдау үшін осы әдісті қолданбақ. Праймериздің негізгі мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелестік негізде жаңа көшбасшыларды айқындау.
Бұл әдістің тиімді тұстарына тоқталып өтсек. Біріншіден, бұл алыс ауылдардағы партияның қарапайым мүшелеріне өз ойын ашық айтып, өзін жан-жақты көрсетуге үлкен мүмкіндік. Екіншіден, сол азаматтардың сайлауалды бағдарламалары арқылы ауылдық елді мекендердегі проблемалық мәселелерді анықтауға, олардың шешілу жолдарын нақтылауға көмектеседі. Үшіншіден,бұл партияның ресурстары арқылы азаматтарға жасалып отырған саяси және әлеуметтік лифт.
Бұл іріктеу жұмыстары бізге нақты ұсыныстары бар талантты азаматтар мен өңірдің өзекті мәселелерімен таныс жаңа қоғамдық пікір иелерін бәсекелестік негізде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, партия мүшелері арасында қызығушылық пен бәсекелестік туғызады.
–Бүгінде үміткерлердің құжаттарын қабылдау аяқталды. Осы уақытқа дейін аудан көлемінде ел болашағының жарқын болуы үшін еңбек етуге ниетті қанша адам құжат тапсырды?
–17 тамыздан бері аудан бойынша үміткерлерді тіркеу қарқынды жүргізілді. Нақтырақ тоқталсақ, 62 үміткер өтініш білдіріп, кандидат ретінде тіркелді.
–Құжат тапсырушылардың жас ерекшелігі қандай?
-Жалпы «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу ережесіне сәйкес жасы жиырмаға толған әрбір Қазақстан Республикасының азамат қатыса алады. Аудан бойынша қазіргі уақытқа дейін 35 жасқа дейін 25 кандидат, 50 жасқа дейін 14 кандидат, 50 ден жоғары 23 кандидат тіркелді.
¬Сондай-ақ үміткерлердің 30 проценті нәзік жандылар болуы тиіс екені айтылған. Біздің өңірдегі құжат тапсырғандардың -расында әйелдердің үлесі қанша?
-Иә,Елбасы еліміздің сайланбалы органдарында әйел азаматтардың үлесіне басымдық беруді тапсырған болатын. Бұл партияішілік іріктеу – праймеризде ескеріліп отыр. Аудан бойынша партиялық тізімдердің сапалық құрамында әйел азаматшалардың үлесі 43 процент. Өздеріңіз байқағандай, біздің ауданда нәзік жандылардың белсенділігі жоғары.
-Таңдау қалай жүргізіледі?
–Қазіргі эпидемиологиялық ахуал белгілі бір шектеулер тудырып, праймериз өткізу үшін тиісті жағдай жасауды талап етуде. Соған орай, санитарлық талаптарды сақтай отырып, аудан бойынша 15 дауыс беру орны белгіленген. Оның 5-нде дауыс беру қосымшасыдәстүрлі өтсе, қалған 10-ндаонлайн түрде өткізіледі. Ол үшін Play Market арқылы «Праймериз2020» қосымшасын тартып алу керек.
–Бұл бастамадан қандай нәтиже күтесіз?
–Праймериз тәсілі негізінде партияның жаңа тұлғалары мен көшбасшыларын іріктеу қалыптасқан «ойын тәртібін» өзгертіп, саяси додаға қатысатын тараптардың қызу таласын жаңа сатыға көтермек. Осы бастама мықты жас мамандар мен сөзі өтімді ел қалаулылары үшін мол мүмкіндік. Барша үміткерлерге сәттілік тілеймін.
– Сұқбатыңызға рахмет!

Сұқбаттасқан Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ


29 тамыз 2020 ж. 1 034 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031