» » «Nur Otan» партияcы Қармақшы аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі М.О.Қалдарбековтың ішкіпартиялық іріктеу - праймеризді өткізудің басталуына орай Қармақшылықтарға Үндеуі

«Nur Otan» партияcы Қармақшы аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі М.О.Қалдарбековтың ішкіпартиялық іріктеу - праймеризді өткізудің басталуына орай Қармақшылықтарға Үндеуі



Құрметті Қармақшы ауданының тұрғындары!
Қымбатты жерлестер!

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жаңғырулармен қатар, саяси өмірінде де оң өзгерістер бой көрсетіп, жаңа технологиялар мен тәсілдер айналымға енуде.
Солардың бірі, батыс елдерінің сайлау тәжірбиесінде жүйелі түрде қолданылып келе жатқан партиялық праймериз ұғымы.
Праймериз туралы Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаев «Бұл партия атынан мәселелерді шешетін ең белсенді және сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік беретін дұрыс шешім деп санаймын» деген болатын.
Осылайша халықаралық тәжірбиеде мойындалған партияішілік іріктеу тәсілін елімізде алғашқылардың бірі болып «Nur Otan» партиясы қолданысқа енгізуде.
«Nur Otan» партиясы халықтың әлеуметтік хал-жағдайын қолдауда ұтымды бастамалар ұсынғанын айта кетсек артық болмас. Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры аясында әлеуметтік әлсіз топтарғакөмеккөрсетілді.
Аудан тұрғындарының амандығы мен денсаулығы бәрінен қымбат. Сол себепті пандемия жағдайында жаңа технологиялар сайлау процестерінде де орын алмақ. Бұл орайда да «Nur Otan» партиясы праймеризді онлайн өткізуді уақытылы ойластырып, іріктеудің әділ өтуіне жағдай жасау мақсатында заман талабына сай соңғы технологияларға үміт артатын болады.
Нұр Отанның өз ішінде алдын ала осындай әділетті сайлау өткізілетін болса, болашақ депутаттыққа үміткерлер мықты лидерлерден құралса, ол ертең елге қызмет ететін Мәслихаттардың да, Мәжілістің де мықты болуының бірден-бір кепілі. Сондықтан бұл - еліміз үшін оң өзгеріс алып келеді деген сенімдеміз.
Адал да бәсекелік негізде праймериз өткізу бәріміз үшін маңызды. Праймериз азаматтық қоғамның қалыптасуына, саяси ұйымдардың халықтың жағдайын түсінуіне ықпал етеді. Партиялардың қарқынды жұмысы елдің дамуына, халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына жүйелі өзгеріс енгізбек.
Ең бастысы, әділ, ашық талқылаулар арқылы мәселелердің түйінін шешіп, оң өзгерістерге жол ашылуы тиіс.
Бұл өз кезегінде жетекші партияның саяси белсенділігін арттырып, қоғам талабына сай өзгеріп, нақты реформалар жасауға сеп болады.

18 тамыз 2020 ж. 1 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031