» » Партияшілік таңдаудың жаңа мүмкіндігі

Партияшілік таңдаудың жаңа мүмкіндігі


«Nur Otan» партиясы бүгінде барлық деңгейдегі мәслихатқа депутат болуға үміткерлердің алдын ала партиялық тізімін жасақтауға байланысты праймериз өткізуді межелеп отыр. Партия Төрағасы Н.Назарбаев жаңа форматтағы праймеризді өткізуде партия атынан мәселелерді шешуге қабілеті бар ең белсенді ең сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік беретін таңдау жолы екенін айтты. Сондай-ақ жаңа әдіс тәсілдерге көшу заман талабы болып отыр. 

Демократиялық тұрғыдан қарағанда сайлау жүйесінде жаһандану заманында бүкіләлемдік кеңістікке ұмтылудың бірден - бір жолы осы. Бұл дегеніміз, ел ішіндегі білікті, тәжірибесі мол, саяси ұйымның бағдарламалық құжаттарын жүзеге асыруға қабілетті, халықпен тіл табыса алатын партия мүшелеріне белсенділік танытатын мүмкіндіктің туып отырғанын көрсетеді. Әйелдердің де қоғамдық потенциалының артуына жасалған қадам. Халықпен ынтымақтастық пен сенімнің атмосферасын қалыптастыруда әсіресе, білімді жастарымыз үшін өзін көрсететін, алға ұмтылуға жетелейтін игі бастама. 

Партияішілік таңдау өткізудің жаңа тәсілі көп ізденудің, жаңаға деген айрықша ұмтылыстың нәтижесінде деп ойлаймын.
Қай кезде де тәжірибеге енгізу, зерттеу, зерделеу, ұтымдысын анықтау - басты әрекет екені сөзсіз. Келешекте мемлекетіміздің одан әрі өркендеп дамуы үшін қолдау білдіріп, ниеттес болайық!

Кулжауһар Төлегенқызы,
аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы
депутатық фракциясының жетекшісі
11 маусым 2020 ж. 849 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 205
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 77

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031