Айман Қодар, түркітанушы ғалым, халықаралық «Тамыр» журналының бас редакторы: «ӘКЕМ МАҒАН КӨҢІЛДІ ЖҮРУДІ ҮЙРЕТТІ»
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы талай қазынаны тереңнен аршып, зерделей түсуде. Соның бірі – мәдениеттанушы, философия ғылымдарының кандидаты, "Тамыр" журналының бас редакторы, "Туған күн", "Ақеділдің анты" пьесаларының және "Қанатты өрнек", "Абай (Ибраһим) Құнанбаев", "Қанағат қағанаты" жинағының, сондай-ақ "Еске алмау шеңбері", "Қазақ әдебиетінің тарихына шолу" кітабының авторы, Е.Замятиннің "Атилласын", Х.Гасет, М.Хайдеттердің шығармасын қазақ тілінде, ал Абай, Мағжанның жырларын орыс тілінде сөйлеткен жерлесіміз Әуезхан Қодар болатын. Бүгінгі сұқбатымыз танымал тұлғаның төл перзенті, түркітанушы ғалым, Сорбонна университетінің магистранты Айман Қодармен болмақ.
– Айман Әуезханқызы, сұқбат алаңына қош келдіңіз. Оқырманымызға түсінікті болу үшін алдымен өзіңізді таныстырып өтсеңіз?
– Екі жоғары оқу орнын бітіргенмін. Алғашқысы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің «Шығыстану» және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Халықаралық қатынастар» факультетінің түлегімін. Алдыңғысын қызыл дипломға аяқтағанмын.
– Сізді Әуезхан ағамыздың көзінің нұры десек болатын шығар. «Сырт көз сыншы» дегендей, осындай танымал тұлғаның ұрпағы болу қиын емес пе?
– Ия, жасыратыны жоқ, Әуезхан Қодардың қызы болу үлкен жауапкершілік жүктейді. Себебі оны танымайтын адам кемде-кем. Өзінің саналы ғұмырында халқына көптеген еңбек жазып қалдырды. Бұл тұрғыда ол өмірлік ұстанымы мен көзқарасын бойыма сіңіре білді. Менімен баламен сөйлескендей емес, ересек адамдарша пікірлесетін. Жұмысы басынан асып жатса да әрқашан маған уақыт табатын. Үйімізде өнер қайраткерлері: суретшілер, мүсіншілер, шығармашылық адамдары: ақындар, философтар жиі қонақ болатын.
– Әкеңізден алған өнегеңіз?
– Ризамын. Одан алған басты өнегем – шындықпен өмір сүру. Не нәрсеге де жалтақтамай, тіке бетке айту. Ол: «Әр адамның артында оның оқыған кітаптары тұрады, ал кітаптардың артында оны жазған адамдары тұрады» деп үнемі айтып отырушы еді. Екеуміз Хайдигер, Ничще сияқты философтардың еңбектерін талқылайтынбыз. Әкем тәңіршілдікке сенген адам. Сол жол оны түркі әлеміне, ғылымға әкелді. Соның негізінде «Степной знание» деген көшпенділер тұрғысында кітап жазып шықты. Диссертациясын қорғады.
– Ол ғалым әрі әке ретінде қандай еді?
– Алдымен қандай әке болды? Ол – керемет әке. Шабыттандыратын. Көңілді жүретін. Жақсы әзілдесетін. Қолы босай бермейтін. Бірде – телефонда отырса, бірде – жазу үстелінде компьютермен жұмыс істейтін. Радиоға сұқбат беретін, телеарнадағы түсірілімге қатысатын. Барынша белсенділік танытатын. Іссапармен жан-жаққа барып жатса, енді бірде қайтадан келіп жатады. Тыным таппайтын. Балалық шағым өте көңілді өтті. Ә.Қодардың ортасы кілең оқымыстылар мен ғалымдар болды. Қасынан бір елі қалмайтынмын. Еріп жүремін. Бастары қосылғанда тойдың емес, ойдың, ғылымның әңгімесін айтатын. «Көңілсіз болма, үнемі күліп жүр, көңілсіздікті жақсы көрме» дейтін. «Мен мүмкін көп өмір сүре алмаймын, өйткені кейде жүрегім сыздайды... Сен дайын бол, мен кетсем де сен көңілсіз бол ма, қызым? Маған қатты байлан ба? Ертеңгі күні бар мұрамды халыққа жеткізетін сенсің» дегенді санама құйып өсірді. Кейін қарап отырсам, мына өмірге мені дайындапты ғой. Дүниеден өткенде оның осы сөздері мені депрессиядан сақтады. Өйткені әкемсіз өмір сүруді көз алдыма елестете алмадым. Оны қатты жақсы көрдім. Ол де мені солай. Азанда ұйқыдан тұрғанда «мен сені жақсы көремін» деп, мейірімін төгетін. Мектепте оқығанымда сыныптың балаларымен жақсы араласа қоймадым. Олар да маған жақын болмады. Ренжітіп қойса, әкеме келіп айтамын. Сондай сәтте махаббатын аямайтын. Асқар тауыма еліктеп өлең жаздым. Шығарған туындының алғашқы сыншысы да – әкем. Қуанышым қойныма сыймай ең алдымен әкеме көрсетемін. Адал да жан досым сол кісі. Еркелететін, әрине ақшамен емес, көңіл бөлуімен. Ал ғалымды бір төбе, ол Қазақстанға Батыс философиясын әкелгеннің бірі. Бірқатар аударма жасады. Орыстың, Шығыстың және өзіміздің қазақ ақындарының шығармаларын орыс тілінде тәржімалады. Екі мәдениеттің ортасын жалғап, алтын көпірі болды.
– Жастайыңыздан сізді Абай өлеңдерімен сусындатып өсіріпті?
– Есімді білгеннен-ақ Абайды танып өстім. Тілім «Абай, ақын» деген сөздермен шығыпты. 90-жылдары А.Құнанбаевтың шығармаларын аударған. Аудармашы болумен бірге, Һакім Абай жайында мақалалар жазған. Ақын өлеңдерін әлі күнге дейін басыма жастанып оқимын. Әкеммен бір деңгейде сөйлесу, ой бөлісу мен үшін алынбас қамалдай-тын. Сондықтан да көптеген кітап оқыдым. Деңгейлес болу арманы маған оңайға соқпады. Ол туралы түркітану факультетін бітірерде дипломдық жұмысымда келтіргенмін. Ол кісі түркілердің таным-түсінігі, өмір сүру дағдысы жайында қалам тербесе, мен оны әрі қарай ғылыми негізде зерделей түстім. Бірақ солай ету үшін сіз сенсеңіз, үлкен екі сөрелік кітапты қысқа уақытта оқып тауыстым. Себебі әкем Шығыстың да, Батыстың да шығармаларын жетік білген жазушы.
– Әкеңізбен қандай да бір ұқсастығыңыз бар ма, оның арманы болды ма?
– Екеуміз қатты ұқсаймыз. Ойын батыл айтып тастайтын мінезі бар әкемнің. Мәдениетке, әдебиетке жақынбыз, өнерді сүйеміз. Музыканы жақсы көреміз. Оның ұнататын музыкасын осы уақытқа дейін үзбей орындап келемін. Ойнағанда көңілім босап жылаймын. Әкелі-қыз болып бір әлемде өмір кештік. Ол белгілі бір әннің мәтінін шығарса, мен оған ән жазатын едім.
Оның арманы Мағжан Жұмабаевтың институтын құру еді. Мағжан ақынды көп аударған.
– «Тамыр» журналын шығарғанда нені мақсат етті? Жазушының шығармашылығына қатысты жоспарыңызбен бөліссеңіз?
– Журнал 1999 жылдан шыға бастады. Мақсаты – еліміздегі жүріп жатқан жаңа саяси бағытқа ашық пікір білдіру. Қазақстанды дүние жүзіне әйгілеу. Жалпы ғылымға, өнерге арналған. Саланың білікті тұлғаларына журналдан алаң беріліп, тегін жарияланады. Ойларын еркін ортаға салады. Мәдениетімізді тарихи және қазіргі тұрғыдан салыстыра отырып зерттеу, аударма, комментарийлер арқылы диалог құру басылымның басты міндетіне кіреді. Бүгінде оған 20 жыл толуда. Журналдың аясында халықаралық деңгейде конференция, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып тұрды. Қазір де солай. Бұған өзім де атсалысып, ақындардың оқырманмен кездесу іс-шарасын өткізіп тұрамын.
– Сізді бірнеше тілді біледі деп естідік. Анаңыз жайында да айтып берсеңіз, немен айналысады?
– Ағылшын, түрік, орыс, француз тілдерін меңгергенмін. Бакалавриатым – түркітану болса, магистратурам – халықаралық қатынастар. Анам да ғалым. Философия ғылымдарының докторы, гендеролог. Отбасы құндылығымен зерттеумен шұғылданады.
– Келешектегі жоспарыңыз бен қазіргі жастарға көзқарасыңызды білдіре кетсеңіз?
– Анаммен бірге 10 томдық жинағын дайындау үстіндеміз. Бәлки мұнымен де шектеліп қалмаймыз. Себебі, әкемнің жазған дүниесі жетерлік. Драма, проза, сценарий, өлеңдерді екі тілде жазған. 10 томның 5 томы қазақ тілінде де, 5 томы орыс тілінде жарық көрмекші. Әзірге 6 томын жинадық. Демеушілермен жұмыс жүргізудеміз. Мұндай ірі көлемді шығармаларды жеке қаражатқа шығару ауырлық етеді. Жоспар аз емес. Бір ойымыз – аудармашылар мектебін ашсақ дейміз. «Тамыр» журналының жұмысын жалғастырудамыз. Жақында жаңа шығарылымы оқырманға жол тартады. «Кітапқа жаза алмай кеткендерім, қызымда қалды» деп отырушы еді асылымыз. Ол рас. Өзі өмірде болмаса да, оның мұрасы менімен, халқымен мың жасауда. Жастар туралы айтар болсам, оларға барлық мүмкіндік жасалған. Қолжетімді. Бұрын бір мәлімет алу үшін кітапханаға, мұрағатқа бару керек болса, бүгінде соның бәрін ғаламтордан жеңіл әрі жылдам алуға болады. Дүниенің барлығы сандық технологияға бағытталуда. Жастар – тез ойлайды. Олардың арасында индиго балалар да бар. Ойлары, көзқарасы жаңаша болып тұр. Таңдау құқығына шектеу жоқ. Осы пайдаланып, мақсатқа ұмтылу ғана қалып тұр қоғамның жас мүшелеріне.
– Туған жерге қаншалықты атбасын бұрасыз, елге сәлеміңіз болса...
– Ауылға жиі келемін деп жалған айта алмаймын. Туысқандарыммен телефон арқылы хабарласамын. Сағынған кезде келіп кетемін. Қанша дегенмен Қармақшы – біздің шыққан тамырымыз, қасиетті мекеніміз.
– Уақыт тауып, сұқбат бергеніңізге рақмет!
Әңгімелескен Сәрсенкүл АҚКІСІ