» » » Намысшыл ер тәрбиелеу аталар арманы болған

Намысшыл ер тәрбиелеу аталар арманы болған

Әділ ЫБРАХИМ, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры:
Ұлы Ескендір Зұлқарнайынды білмейтіндер кем де кем. Ол әлемдегі ең үлкен мемлекетті құрған тұста жап-жас жігіт болыпты. Фатих Сұлтан да Византия империясын небәрі 21 жасында тізе бүктірген. Ұлы Отан соғысы жылдары Ж.Елеусізов 18 жасында Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақ жауынгері еді. Ал қазіргінің «батырлары» қандай белестерді бағындырып жүр немесе оған не кедергі? Осы жайында аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әділ Ыбрахиммен әңгіменің тінін тарқаттық.

– «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын». Бүгінде осы секілді нақыл сөздерді алға тартып, жастар қауымын бірінші орынға қойып, болашақтың тұтқасын ұстатпақ ниеттеміз. Бірақ сол біз сенім артып отырған жас бәсекеге қабілетті азамат ретінде қалыптасып келе ме?
– Қазақстан егемендікке қол жеткізген уақыттан бері қоғамның қозғаушы күші – жастарға ерекше қолдау көрсетіп келеді. Еліміздегі жастар саясатының жүйелі жұмыс істеуі үшін жастарға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарлама мен жоба жемісті жұмыс істеуде. Сол мемлекеттік бағдарламалардың толық орындалуын қадағалайтын және жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің бірі – аудандық Жастар ресурстық орталығы. Мемлекеттің қашанда жастардың жағдайын жақсарту, олардың қоғамда өз орнын табуына қолдау көрсетуі бізге серпін береді. Орталық – жастармен тікелей жұмыс жүргізіп, идеяларды бірге жүзеге асырады. Олардың өзекті мәселесін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижесінде, аудан жастарының көпші¬лігінің көңіл-күйі жағымды деп бағаланды. Бұл жастардың әлеуметтік сезіну деңгейі мен болашаққа сенімі жоғары екенін білдіреді. Қоғамдық пікірді саралау нәтижесі көрсеткендей, аудан жастарының бүгінгі өмір сүруіне қанағаттану көрсеткіші жоғарылады. Десе де жастарды толғандыратын өзекті мәселенің бірі – жұмыссыздық әлі күнге дейін өзектілігін жоймай келеді.

– Қазір қолды төбеге қойып, шалқадан түсіп «алма піс, аузыма түс» деп арқаны кеңге жаятын заман емес. Әлем қарыштаған сайын оған ілесіп келеміз. Бірақ әлі күнге дейін ата-анасының мойнына мініп, табылған жұмысқа мұрнын шүйіретіндер бар. Диплом бар, «нөрмәлні» жұмыс жоқ дейді. Мүмкін оларға мотивация керек шығар?

– Мотивация әр адамда болуы керек. Оған не тренингке барып, не мотивациялық кітаптарды оқудың қажеті шамалы. Адам тек өзін тәрбиелеу керек. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең». Бастысы – армандай біл. Одан соң мақсат қой. Сол арманның жолында нендей кедергі болмасын жеңе білуге ұмтыл. Өз-өзіңді батылдыққа тәрбиеле. Сүріндің, бірақ бұдан өмір тоқтап қалған жоқ қой? Талпын. Кәдімгі еңбектеген балаша. Ол жүрем деп алға қанша рет ұмтылады? Бір, екі немесе одан да көп. Құлайды, әлденеге сүйеніп бірте-бірте жүре бастайды. Міне діттеген мақсаттың жолын ашу үшін кедергіге мойынсұнбау қажет. Көрдіңіз бе? Мотивация айналадағы қарапайым дүниелерден бастау алады. «Ол кім, мен кіммін? Нендей жетістікке жеттім?» деген сауал сананы мазалай беруі керек. Бастысы – өзіндік «менді» оятып, осы сауалға жауап табу.

– Жасыратыны жоқ, бүгінге дейін аудан бұзақылықтан алдыңғы лекте. Көше вандалдары мен «районның» жігіттері деген статус әлі бар. Алайда күні кеше аймақ бойынша аз жасалған қылмыстық өңір атандық. Деңгей 14,9 процентке төмендеген. Айтыңызшы, мұндай санаттағы жастармен қалай байланыс орнатасыздар?

– Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында "Студенттік жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы" ҚБ-гі, облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аудандық пробация қызметімен бірлесе отырып қылмыстылығы бойынша есепте тұрған азаматтар мен жастар арасында түрлі спорттық шара, кездесулер өткізіп тұрамыз. Мақсат – азаматтар мен жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.

– Бәріміз бала болдық. «Жұрттың баласынан» қалмайық деп артық қылам деп тыртық қылған кезіміз болды. Ал сіздің балалық шағыңыз қалай өтті, бұзықтық істедіңіз бе?

– Бұрын үлкендер «тәйт, обал болады, ұят болады, жаман болады» деп тыя білетін. Өзіңіз айтқандай «жұрттың баласымен» бәсекелесіп өстік. Шыны керек, бұзақылық жасаған кезім болмапты. Бұл тәрбиенің мықтылығынан шығар?! Қазақта «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген жақсы тәмсіл бар. Әке – анадан гөрі қатал. Әсіресе ер баланың тәрбиесінде оның рөлі бөлек. Оның мінезі, өнері мен білімі – ұл баланың өнеге алатын нысанасы. «Сегіз қырлы, бір сырлы», намысшыл ер тәрбиелеу аталар арманы болған. «Әке көрген оқ жонар» деген сөз осыдан шыққан.

– Қоғам белсендісі ретінде өзіңізді мазалайтын дүниелер бар ма?

– Жастарға барынша қолдау көрсетілуде. Десе де көңіл толмайтын келеңсіздіктер де бар. Мәселен, ауылдағы жас мамандардың әлеуетін арттыру қажет. Олардың геосаяси жағдайына сәйкес кәсіптік бағдар беру керек. Жұмыссыз жастарға кәсіп аш дей бермей нарыққа не қажет екенін көрсетіп, сол бойынша жұмыстарды үйлестіру маңызды. Былтыр Zhas Project жобасындағы қараусыз қалған кей жайтты болдырмау керек. Яки алдағы уақытта қандай да бір жоба болмасын гранттарды ескерусіз қалдырмаған жөн. Масылдық көзқарастан құтылу үшін оларға экономикалық-саяси сауаттылығын арттыратын жоба әзірлемекпіз. Бастысы – өзгерістен қорықпау қажет.

– Абылай хан адамзат жадында мәңгіге сақталған тарихи миссиясын атқарған тұста небәрі 20 жаста болатын. Қыршыннан қиылған боздақтардың қай-қайсысы да өмірін күреспен өткізді. Себебі олар – халықтың қамын жеп, жарғақ құлағы жастыққа тимегендер. Ал бүгінгі буынның осал тұсы қандай?

– Былтыр «Бизнес Періште» жобасын бастадық. Шаруашылықтан жер мен техника алып, жерді жыртқызып дайындап, суын тегін беріп жастарды еңбекке машықтандырдық. Сол қыз-жігіттер келесі жылы алма бағын екпек. Жалпы жастар арасында агроиндустриалдық аймаққа айналуға жұмыс істеп жатырмыз. Екі ай сайын ауыл жастарына барып, профаринтацияны яки ауылға керек мамандықтың қажеттігін айтып, осы жолда кездесулер өткізудеміз. Әрине, жоқ емес бар. Алға қойған мақсаты жоқ, болса талпыныс аз. Мұның бәрі – жалқаулық. Жастардың бойында жалқаулық пен масылдық – алға жылжымаудың осал тұсы. Жігерсіз жас жоқ, тек білімділікті арттыру қажет.

– Жастардың бойындағы қандай қасиетті бағалайсыз?

– Адалдық, адамгершілік, қарапайымдылық пен жанашырлық. Елге жаны ашыған адам – нағыз патриот.

– Әңгімеңізге рақмет!
Сұқбаттасқан Айнұр ӘЛИ
30 қазан 2019 ж. 1 625 2

Мариус от 31 қазан 2019 09:30
Победить раковые заболеваний через несколько месяцев!!! Амигдалин капсулы с нано-клетками, которые убивает только раковые клетки (напрямую от производителя). Лечение без каких-либо операций, самый безопасный способ для здоровья. Работает и используется у многих пациентов. Бесплатная доставка по всему миру! Сделано в Европе! Мы также торгуем оптом. Эти препараты запрещены в Соединенных Штатах, в связи с чем, там самый высокий уровень заболеваемости раком. Свяжитесь с нами! E.почта: info@istiespigu.lt Viber/WhatsApp: +37067970237 Номер в России: +79390091405

Олег от 7 қараша 2019 00:11
Здравствуйте! Более 5 лет занимаемся ОПТОВОЙ доставкой из Китая. За время работы собралось большое количество видео-отзывов. Имеется сайт, раскрученное сообщество Вконтакте и ютуб-канал (Отправим по первому запросу) Помимо услуг в сфере логистики, по необходимости, можем помочь с оптовой закупкой у прямых производителей. И проверить качество, перед отправкой. Для расчета цены на логистику, необходима следующая информация: 1)Товар 2)Вес/Объем 3)Точка А/Точка Б 4)Когда товар будет готов к отправке (с Вашей стороны) Если Вам нужна помощь с закупкой, необходима подробная информация о самом товаре и объемах, которые Вас интересуют. Напишите нам! E-mail: stiloszavi1981@mail.ru P.S. Извините за беспокойство, если Вы с нами уже сотрудничаете.

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 525

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 596

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031