» » "Жақсы" жастан шығады

"Жақсы" жастан шығады

Осы біздің ішімізде не бар? Нұртөре Жүсіп айтқандай «өлген ит» бар. Ал, сол өлген итті қайта өлтіріп көрдіңіз бе? Жалпы ол «ит» неден пайда болады? Біздің ит «пассивтен» өлді. Нені меңзеп отыр дейсіз ғой? Ештеңеге құлқы жоқ, ұйқыда жатқан бүгінгі «қоғамды қозғаушылар» жайында сөз қозғамақпыз. Иә, «жақсы жастан шығады». Бірақ, бүгінгі жастан жақсы шығып жүр ме? Жас­тар демекші, біреуге ақыл айтып, сын­айын дегеніміз емес, тек ішіміздегі ұйықтап жатқан қасқырды ояту.
Тырс еткен дыбыс шықса алыста жүрген қоян да ат тонын ала қашады. Кіп-кішкентай құмырсқаның өзі ұйықтамастан тіршіліктің қамына кіріседі. Ал, біз әлі ұйқыдамыз. «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын». Бүгінде осы секілді нақыл сөздерді алға тартып, жастар қауымын бірінші орынға қойып, болашақтың тұтқасын ұстатпақ ниеттеміз. Бірақ, сол біз сенім артып отырған жас буын өзіміз жиі айтатын бәсекеге қабілетті азамат ретінде қалыптасып келе жатыр ма?
Батыр Бауыржан Момышұ­лы­ның ұста­нымын мұхиттың арғы жағындағы Куба елі әскерге устав ретінде үлгі тұтады. Ал, біздікілер сол батыр бабаның ең болмаса бір шығармасын оқыды ма екен? Қош. Дінді ұстанам деп адасып жүргендері қаншама? Қазақы қалпымызды сақтай алмай жатқанымыз өкінішке толы өзекті мәселе.
Бұл мақаланы жазуға бір емес, бірнеше оқиға сеп болды. Бірде қалаға автобуспен жолға шықтым. Сондағы кассир жігіттің әңгімесіне қарап «қарным ашты». Ол өзінің оқығанын, бір емес екі дипломы барын айтып, өкпесі қара қазандай екенін жеткізді. Неге? Себебі, Үкімет оған жұмыс бермепті-мыс. Ал, қазір осылай «алма піс, аузыма түс» деп жататын заман ба еді? Екіншісі, жастар арасында байқау болатын болды. Уақыт аралығы да сонша созылған. Міне, болады деген күні байқау болмай қалды. Неге? Жастар жоқ. Белсенді, «мен» деп көкірегіне нан пісіргендер жоқ. Ол ол ма, әнеугүні газет шықты. Кешірек жарық жолмен жаяулата келе жатсам дүкеннің алдында бір топ жігіт итке берсе ішпейтін суға шөлін қандырып тұр. Өрімдей жап-жас жігіттер. Ауызы тола лас сөз. Соларға қарап бүгінгі жастарды бағамдай беріңіз. Әрине, көпке топырақ шашпаймыз. Десе де, дамыған заман, нарық-нарық деп су жаңа көлік мініп, қолына «айфон» ұстағанына мәз болып ұсақталып бара жатқан кей жастарды көзбен көріп жүрміз. Ал, сіз осы жасыңызға дейін қандай жетістікке жеттім деп ойлап көрдіңіз бе? Туған елін батыр бабаларымыз «білектің күшімен, найзаның ұшымен» сақтап қалған қазіргі тәуелсіз елдің әрі қарай дамуы үшін нендей қадамдарға бара аласыз?
P.S
Абылай хан адамзат жадында мәңгіге сақталған тарихи миссиясын атқарған тұста небәрі 20 жаста болатын. Фатих Сұлтан Византия империясын 21 жасында тізе бүктірген. Ұлы Ескендір Зұлқарнайын әлемдегі ең үлкен мемлекетті құрған кезде жап-жас жігіт болыпты. Олардың қай-қайсысы да өмірін күреспен өткізді. Неге? Себебі олар – халықтың қамын жеп, жарғақ құлағы жастыққа тимегендер.

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
01 қараша 2018 ж. 1 732 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031