» » » ҚЫЗ ЖАСАУЫН КІМ, ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАП ЖҮР?

ҚЫЗ ЖАСАУЫН КІМ, ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАП ЖҮР?

Қазақ деген атымыз бар. Салт-дәстүрді аттап өте алмаймыз. Соның бірі – қыз жасауы. Жасау демекші, еліміздің әр аймағында әртүрлі жасалады. Солтүстік, шығыс өңірлерде қыз жасауына айтарлықтай мән берілмесе. Батыс пен оңтүстікте оған жақсы ден қойған.
Той – халқымыздың қазынасы. Оны тек ішіп-жеу, атақ шығару деп ұқсақ қатты қателескен болар едік. Той – біздің дәстүріміз. Қызды – өрісім дейтін қазақ, ұлды жалғасым деген. Қазақта қыз баланы ерекше қадірлеген. Тақиясына үкі тағып, төріне отырғызған. Аялап-мәпелеп өсіріп, барын қызынан аянып қалмаған. Қызды балиғат жасына толысымен мақпалдан көйлек кигізіп, кәмшат бөрік кигізген. Қыз – бір тайпа елдің сән-салтанаты ғана емес, ары мен абыройы, намысы саналған. Ел басына күн туғанда «сен қыз едің» деп емес, азамат ретінде қарап, атқа қондырып, ел мен жер қорғауға да араластырған. Осылайша, атамыз қазақ қызды үй шаруасымен шектемей, дала заңына да баулыған. Қазақ қызының ерлігі жайлы тарихтан көптеген мысал келтіруге болады. Халқымыз қыздың дүниесіне орай: «Алты жастан жинасаң – артылады, жеті жастан жинасаң – жетеді» дейді. Жалпы қызға дүние апарудың мақсаты не? Бүгінде жасау апаруда неге мән беріледі? Жасау – қызға ата-ана тарапынан берілетін тұрмыстық заттар. Ертең тұрмыс құрып, күйеуге шыққанда отбасына керекті бұйымдар. Төсеніші, ыдыс-аяғы, көрпе-төсегі, сандығы дегендей. Жасау – күнделікті тұтынатын қажеттілік болып саналады. Бір жағынан жасау – қыздың қандай отбасынан шыққанын да айқындап тұрады. Ұзатылар қыздың – басты көрсеткіші. Сол себептен де қыз әрдайым жасауына ұқыппен қарауы керек. Кей сіңліміз – «жасауды уақытында алған дұрыс. Себебі, қазір күнде бір нәрсе жаңарып жатады. Киім де, жиһаз да сондай. Алдын ала жинағаннан пе пайда? Егер де алған бұйымыңыз сәннен шығып жатса» десе, енді бірі – ерте қарманғанды жөн санайды. «Бір демде бәрін сатып алуға – мол қаражат керек. Бір айлыққа қарап отырған отбасына бұл ауырлық етеді. Бәріміз білеміз, бүгінде тәуір, сапалы заттың бағасы да арзан тұрмайды. Үйлену мен қыз ұзату – той дастарханымен тоқтап қалмайды. Екі жақ құдаларының киттесуі бар. Оған жағалы киіммен бірге, қаншама алтын жүзік, алқа, сырға сатып алынады. Қыз жасауынан бөлек, қыздың жылдың төрт мезгіліне арналған киім-кешегі, ұсақ қажеттілігі тағы бар. Осының бәрін бір уақытта сатып алу – арзанға түспейді. Өз басым алдын ала жинағанды құптаймын» дейді.
Расында да, қызын қалай ұзатамын, жасауын қалай жасаймын десе де әркімнің өз еркі. Халқымыз: «Ашыққаннан – құныққан жаман» дейді. Соңғы кезде қыз жасауы да – бәсекеге айналғандай. Баяғы сол біреу біреуден асып түскісі келеді-дағы. Баршылық екем деп шамадан тыс көрпе көсілту – ысырапшылдық десек, жетпейді деп несиеге ұрыну да – жақсылықтың нышаны емес. Өйткені, мысқылдап кірген аурудың батпандап шығатыны бар емес пе? Бір күннің жалған қуанышына кенеліп, қарызға белшеден батқанша, шамаға қараған да дұрыс па дейміз?
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».

10 қыркүйек 2018 ж. 4 000 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031