» » Қыз Жібектің орамалын бес жүз жорғаға бағалаған ел едік...

Қыз Жібектің орамалын бес жүз жорғаға бағалаған ел едік...

Мектептен үйге бет алғанмын. Кенет айқайға еріксіз назарым ауып кетті. Қарасам, мен қатарлас екі ер бала өрімдей жас қызды мазақ етіп, тиісіп кетіп барады. Әлгі қыз жылдамдатып кетіп қалмақ болып, сүрініп құлады. Олар қол ұшын берудің орнына күліп кетіп қалды. Жақындап барып, құлаған қызды демеп, орнынан көтердім.
Мұндай оқиғаны жиі көзіміз шалатын болып жүр. Қазақ қызын жылатпаған, төрінде отырғызып, жат жұрттық етіп санап, қонақтай сыйлаған. Қырық үйден тыйым жасап, өрісім деп қуаныштан той жасаған қайран ел тентекті тезге салуға да жарар еді.
Өзінен кішіні қарындасым деп, үлкенін әпке деп сыйлаған ағаларымызға қарап, қыз Жібектің бес жүз жорғаға татитын орамалын желге ұшыртып алдық па деп ойланасың кейде. Рухани жаңғыру – түп қазығымыз. Қазыққа қарап, ой түйейікші, ағайын!
Ақсәуле ӘБДІКЕР,
11-сынып оқушысы.
11 маусым 2018 ж. 2 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031