» » СЪЕЗД ДЕЛЕГАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

СЪЕЗД ДЕЛЕГАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттік жастар саясатының дамуына, жастардың толыққанды білім алуы мен жұмыспен қамтамасыз етілуіне ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Сөзіміздің дәлелі 1993 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан бағдарлы бағдарламалардың бірі – Халықаралық «Болашақ» стипендиясы. Сонымен қатар, жастардың жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз етілуі үшін де «Жасыл ел» еңбек жасағы, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламалары жемісті жұмсауда. Елбасымыз жастармен кездескен келелі жиындардың бірінде «Жастары мықты елдің жасары да мол, асары да мол» деп айтқан болатын. «Жас Отан» жастар қанаты – еліміздегі мемлекеттік жастар саясатындағы ауқымды жобалар мен іс-шараларды белсенді атқаруда өзіндік орны бар жастар ұйымы. «Нұр Отан» партиясының жанынан құрылған «Жас Отан» жастар қанаты бүгінде Қазақстандық жастардың басын біріктіруші және жастардың қоғамдық потенциалын аттырушы органга айналған. Еліміздің түрлі өңірлерінде тұратын, қоғамның әртүрлі санаттағы жастарын бір арнаға тоғыстырып, үлкен күшке айналдырып, бір мақсат пен бір мүдде жолында білек сыбана жұмыс істеп, ауқымды жобаларды жүзеге асыру үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осы орайда Жас Отандықтардың өзіндік жоспары мен тың идеялары да жеткілікті. «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы және «Қармақшы аудандық жастар ресурстық» орталығының ұйымдастыруымен «Жас Отан» жастар қанатының республикалық ІҮ съездіне қатысушы делегаттармен бейресми форматтағы кездесу болып өтті. Аталмыш шараға, «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов, «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» ММ-нің директоры М.Ибраев, Қармақшы ауданы әкімдігі аппаратының бас мамандары, съезд делегаттары Н.Шәпи, И.Уразбаева және Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің белсенді жастары мен оқытушылары қатысты. Алғы сөз кезегінде Д.Буханов кездесуге қатысушыларды съезд делегаттарымен таныстырып, «Жас Отан» жастар қанатының негізгі жұмыс бағыттарын атап өтті. Шара барысында съезд делегаттары өз әсерлерімен бөлісіп, көрген-білгендерін ортаға салды. Аудан жастарын бір ортаға тоғыстырған кездесу сәтінде қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, «Жас Отан» ЖҚ Қармақшы аудандық филиалының алдағы уақыттарда атқаратын жұмыс жоспарын белгіледі. Кездесу соңы естелік суретке түсумен қорытындыланды.
06 сәуір 2018 ж. 1 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 259

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930