ЖАСТАР ҚАНАТЫНДА – ЖАҢА БАСШЫ
Қызылордада «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының кезекті ХІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға Астана қаласынан арнайы келген «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев және облыстық жастар ұйымдарының жетекшілері мен аумақтық «Жас Отан» ЖҚ бөлімше басшылары, жастар атынан сайланған мәслихаттардағы депутаттар, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директорлары қатысты.
Конференцияның күн тәртібіне 2 мәселе ұсынылды. Бірінші мәселе бойынша 2015 жылдан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облыстық «Жас Отан» ЖҚ атқарған жұмыстары жөнінде Абылайхан Сабанбаевтың есебі тыңдалды. Ол соңғы жылдар ішіндегі атқарылған жұмыстарға тоқталды. Осы кезең ішінде «Жас Отан» ЖҚ ауқымды жұмыстар жүргізгенін айта кеткен жөн. Мәселен, ҚР Парламенті және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауларында сәтті әрі нәтижелі жұмыстар жүргізілді. Бұған қоса, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері қалалық және аудандық мәслихат депутаттары болып сайланды. Бұл да жетістіктің бірі.
Екінші мәселе бойынша «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды. Мұнан бұлай бұл лауазымды Қызылорда қалалық «Жас Отан» ЖҚ басқарып келген Талғат Тілес атқарады.