» » » ЖАҢА ЖЫЛ-ЫРЫС, НЕСІБЕСІМЕН КЕЛСІН!

ЖАҢА ЖЫЛ-ЫРЫС, НЕСІБЕСІМЕН КЕЛСІН!

Тауық жылы жақсы жаңалықтарымен есте қалды. Берекелі де мерекелі жыл болды десем қателеспеймін. Еліміздің басты жетістігі-елордамыз Астана қаласында «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі жоғары деңгейде өтіп, оған 115 елдің өкілі қатысты.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен мұқият танысып шықтым. Ұлт көшбасшысы мақалада Қазақ елінің кемел болашағына байланысты көптеген игі мақсаттар қойып, тың идеялар білдіреді. «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобалары сөзімнің дәлелі.    Халықтың қолдауына ие болған мақала да жылдың айтулы жемісі болғаны анық.
Ауданда да бірқатар нысандар ел игілігіне беріліп, қолданысқа енді. Көшелерге жарық шамдар орнатылды. Көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз етуде де қозғалыстар бар.
Отбасымда Ринатым Мәскеу қаласында жоғары оқу орнында білім алып жүрсе, немере қызым Динара Сәдуақасова «Сыр жұлдыздары» аудандық жыр-термешілердің байқауында 1 орынды жеңіп алып, облысқа жолданып отыр.
35 жыл білім саласында еңбек еттім. Бала бақытынан артық мен үшін ешнәрсе жоқ. Өткен жылға ризамыз. Алдағы 2018 жылдан күтер үміт те аз емес, әрине.
Елбасымыз, еліміз аман болып, халқымыз бірлікте, тыныштықта өмір сүре беруіне тілектеспін. Ит жылы ырыс, несібесімен келсін! Молшылық, бақыт болсын!

Қалдыгүл ЖҮНІСОВА,
ардагер-ұстаз.     
28 желтоқсан 2017 ж. 1 920 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 027
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 699

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031