» » » Салт сүбесі – сыбаға

Салт сүбесі – сыбаға

Бала күнімізде жазғы демалыс басталса жанұямызбен нағашымның ауылына қыдырып баратын әдетіміз. Ол жақта әжеміз жыл сайын біздің келуімізді күтіп, немерелерін көргенде қуанып, марқайып қалатын. Қыс бойы жинаған құрт, май, ірімшігін алдымызға әкеліп төгетін. Тіпті бізге арнап сақтап қойған сүр етін шығарып «Сендердің сыбағаларың» деп арнайылап асып, дәм татқызатын. Қазір ол дәстүрден қол үздік пе білмеймін, бірақ әжеміздің көзі кеткелі ол сыбағадан алыстадық.
«Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар» демекші, халықтың атадан балаға көшіп жалғасып және дамып отыратын салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Дегенмен кешегі кеңестік кезеңде ертеден келе жатқан дәстүрдің кейбірі жоғалып, бірқатарының ережесі бұзылды. Тіпті сол арқылы рухани дүниемізге елеулі нұқсан келді. Уақыт өте солардың көпшілігі ұмытылса, кейбір дәстүрімізге тыйым салынды. Десе де ата-бабадан мұра болып қалған салт-дәстүр әрдайым игі мақсат үшін қолданыста болды.
Соның ішіндегі ерекшесі – құр­­метті адамға, сыйлы қонаққа, жақын-жуыққа немесе жырақта жүрген үй-ішінің бір мүшесіне арнайы сақталатын және тиесілі кәделі мүше ұсынылатын дәстүр – сыбаға. Ол халқымыздың бір-бірін сыйлағанын білдіреді. Жиын тойға келе алмай қалған қадірлі қонағына, жақын туысына немесе соғым сойғанда арнайы жақынына бөлінген мүшені «Сыбаға» деген. Қазақ «Өкпе бер, бауыр бер, сыбағамды тәуір бер», дегенді бекерге айтпаған. Ел ауызында «Үйіме қонып, әкеңнің сыбағасын жеп кет» деген де бар. Алыста жүрген ұл-қызына арнайы кәдесін беріп жіберген.
«Сақталушы еді сыбаға, са­парға кеткен ұлдарға» дегендей, сыбағаның бірнеше түрі бар. Болжау­сыз сыбаға, құдағи мен жеңгенің сыбағасы, ағайын-туыс, көршінің сыбағасы, күйеу бала мен келіннің және жорықта жүрген жолаушының сыбағасы.
Кәде сыйластықтан шығатын­дықтан, сыбағаны арнаулы асын беріп немесе ат мінгізіп, шапан жауып, сырға тағып, жыртыс жыртып, кит кигізіп өтеуге де болады.
Ерсін СӘДУҰЛЫ  
31 шілде 2019 ж. 1 840 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031