Конституция
» » Байыпты істің бастауы

Байыпты істің бастауы

Жуырда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапханада сала қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтті. Семинарға Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы Бағдат Кәрібозұлы, «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы Серікбай Қосан, Әлима Әбдіхалықова және  басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты. Шараның мақсаты Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде жариялаған «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттап,  халыққа түсіндіру.


Басқосуда сөз бастаған профессор Бағдат Кәрібозұлы қазақ халқының тарихы, мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі құнды мұра екенін тілге тиек ете келе ата-бабадан қалған мұраны көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа қаз-қалпында аманат ету – үлкен жауапкершілік екенін айтты. Тарихы тереңді бойлаған Сыр өңірі фольклорының антологиясын жасау керегін сөз етті.
Әр қазақ азаматы осы жеті керметті біліп өссе, ел тарихының ерте заманнан бастау алатынын ұғынып, өмір сүретіні сөзсіз.
                                                                       
   Ерсін Сәдуұлы,
«Қармақшы таңы»
24 желтоқсан 2018 ж. 1 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 425
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 936

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031