» » » ҚҰНЫ ҚЫМБАТ КИІЗ ҮЙ жаңғырмаса, жойылмайды

ҚҰНЫ ҚЫМБАТ КИІЗ ҮЙ жаңғырмаса, жойылмайды

Жақында Арал қаласында балықшылар слеті өтті. Сол слетке Алматыдан ат артып бір балықшының баласы келіп, үй тігіп, әке аруағына арнап ас бермек болады. Тігетін киіз үй іздеп, әбігерге түссе керек.  Сұрастыра келе  Қармақшы ауданына қарасты Тұрмағамбет ауылында 8 қанатты, жасау-жабдығы нағыз көненің көзіндей киіз үй тігетін Күлпаштай есімді ананың барын біледі. Қоңырау шалып, өтініш айтқан азаматтың сексеннің сеңгіріне шыққан ана көңілін қалдырмай, ауылға жетем деген 5-6 сағаттың ішінде тігулі киіз үйін жығып, да­йын отырады.  Сол үйді Қамбашқа барып тігіп, 9 күн қызмет көрсетіпті.
Күннің ыстығында жастар үйден шығуға беттемей отырса, сексеннен асқан ананың ауыл асып, киіз үйдің киесі мен құдіретіне сүйсіндіріп жүргеніне қалай қуанбайсың. Қуанасың да, қуат бере гөр деніне деп жасағаннан тілейсің. Иә ол 32 жасында 9 баламен тірегі, қамқоры әрі балаларының әкесі Қаппар ағамыздан айырылған Күлпаштай Қартаңбаева еді. Нағыз бақытты шақтың базарында жүрер кезде төбесінен жай түскендей күй кешкенімен қиындыққа берілмеді. Мықты рухы мен өжет мінезінің арқасында бойын тез тіктеп, қиындықпен күресуге кірісті. Жарынан айырылса да енесін бақты. 90 жасында мәңгілік сапарға арулап шығарып салғанда ауыл ақсақалдары риза болысып, ақ батасын беріпті. Балабақша меңгеруші болып қызмет ететін оны жолдасынан айырылған соң жұмыстың есеп-қисабымен күнде аудан асып жүре алмайтынын білген сол кездегі ұжымшар бастығы ауылдағы қонақ үйге аспазшы қылады. Абай атамыз: «Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек болар. Мал жұтайды, өнер жұтамайды», – деген. Қолөнер – кәсіптің түрі. Ал кәсіпшілік ол адамзаттың тіршілік көзі. Бір жылдары Батыр ана ауыл орталығынан цех ашып, іске епті 5 келіншекпен киіз басып, кілем, ши тоқып, ою бас­тырып, қыз жасауын дайындаған. «Әжелер ансамбліне» жетекшілік етіп, талай сахна төріне шығып өнер де көрсетіпті.
Ата-бабамыздың бір шеге қақпай-ақ сәулетті де еңселі етіп жасаған бас­панасы киіз үй – тек қазақ халқының емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің тұрақ мекені болған. Киіз үйден көшпенді өмір-салтты таза сақтаған қазақтар әлі күнге алыстаған емес. Әсіресе, Қытай мен Моңғолияға кеткен қандастарымыздың ара­сын­­дағы малшы қауым осыбір қар­лығаштың ұясындай жылылық пен мейірімге толы баспананы пайдаланып жүр. Қалалы жерде киіз үй мереке-мейрамның, ас пен тойдың көркі. Тамырында қазақтың қаны тулаған ұрпақ мұрасын әлі ұмытқан жоқ, керісінше шамасы жеткенше қадірлеуге тырысады. Бірақ, көп жағдайда киіз үйді қалай тігуді білмейді. Оның сырын қастерлеп, мән-мағынасын өзгертпей ұрпаққа жеткізуді Күлпаштай ана мақсат еткен.
Ол қазақы оюлармен көмкерілген киіз үйдің барлық жасауын өз қолымен жасап, жыл сайын Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамында, 9 мамыр – Жеңіс күнінде ауыл орталығына тігеді. Көзге анадайдан көрінетін ақшаңқан үйді басқа ауылдар мен ауданнан жалға сұрап келетін көп. Әлі күнге көзәйнексіз құрақ құрап, киіз басатын қайратты әже келі түйіп, диірмен де тартады. Қазанжаппай жауып, құрт пен май әзірлейді. Киіз үйді  35 жылдан бері тігіп келеді.
 «Алтын алқа» иесі бүгінде ұлын – ұяға, қызын – қияға қондырып, 30 немере мен 11 шөбере сүйіп отыр. Ананың тәрбиесін алған қыз да, келін де бесаспап. Ал қолындағы келіні Мирамкүл Әбдірахманқызы ененің топырағынан. «Бақыт» тойханасында аспазшы. Ән айтатыны да бар. Қолынан келмейтіні болсайшы. Жүн сабап, киіз басады, сол секілді ою ойып енесінің жанында жүріп бәрін үйренген. Бес баланың анасы ауылда өткен келіндер сайысында «Шебер келін» номинациясын жеңіп алыпты.
Түйін
Ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты әжелеріміз. «Жасымда бейнет берсең, қартайғанда соның зейнетін көрсете көр», – деп Алладан тілеген. Олардың бұл сөзінің жаны бар. Жастықта көрген бейнетінің зейнетін Күлпаштай әжеміз бала-шағасы, немере-шөбересімен бірге көруде. Осындай ұлттық дәстүрді дәріптеген ұлағатты жанның ұрпағы да шебер кәсібін әрі қарай дамытатынына біз де үлкен сеніммен қараймыз.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
23 шілде 2019 ж. 1 535 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 098

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031