» » КИІЗ ҮЙДІҢ КИЕСІ

КИІЗ ҮЙДІҢ КИЕСІ

Ермектің  жалқы айыбы –жалқаулығы еді. Не нәрсеге болса да, кежегесі кері тартып, мойынсал болып тұратын.
Ата-анасы жалғыз баласына жақсы тәрбие беруге тырысты. Жас жігіттің жұмысы жоқ, жастары егде тартқан ата-анасына қолғабыс етіп, үйдің отын-суын әзірлеу міндеті болатын.
Сол жылы қытымыр қыстың суығы қатты болды. Қыстың қамын жаз ойламаған жігіт қара суықта алыс жерден отын әкелуге ерініп, жақын жерден олжа іздеуге кірісті. Ол ойы ұрлық істеуге итермеледі. Ауыл шетінде тұратын жалғызбасты ананың қорасында жинаулы тұрған киіз үйге көптен көзі түсіп жүрген  ол неге осыны сындырып, отын қылмасқа деп ойланды.«Бұл жалғыз кемпір ненің бар-жоғын түгендеп отыр дейсің, үйінен де шыға алмайды, алғанымды да білмес» деген арам ойдың етегіне жармасты. Не керек бір аптаның ішінде көп жылдан бері тігілмей жинаулы тұрған киіз үй бөлшектерін тасалау жерге тасып алып, шаңырағынан бастап балталап, үйіне бір көлік сындырылған ағаш түсірді. Ата-анасы баламыз ағашты пешке салатындай етіп дайындап әкелді  деп қуана жақты. Бір жыл шоғына жылынды. Бірақ олар бұл жылудың лебі көп ұзамай  арқаға тастай тиерін білмеген еді. Келер қыста қатты жел тұрып, ескі үйінің төбесі ортаға опырылып түсті. Қарлы аязда отбасымен далада қалды. Отын шабуға ерініп киелі киіз үйді бөлшектеген  жігіт үй тұрғызып қарқ қыла ма? Ауыл ішінде отырғандықтан баспанасыз қалған отбасыға көмек беруде ешкім аянып қалмады. Көптеп, көмектеп ауыл шетіндегі бір үйді жөндеп, соған көшірді. Ол үйдің де жауын-шашын болса төбесінен су сорғалап тұратын. Қартайғанда баламның қызығын көремін деген ата-ана қарашаңырағынан айырылып, анда бір, мында бір көшіп дал болды. Арада оншақты жыл өтті. Әкесі де, анасы да, киіз үйдің иесі де өмірден өтті. Бірде ұйықтап жатқан жігітке ақ жаулықты ана келіп: - Балам, киіз үй, оның әрбір бөлігі қасиетті саналады. «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған бабаларымыздың негізгі баспанасы. Оны қастерлеп ұстаудың орнына бөлшектеп тастағаның жарамады. Өз шаңырағыңды өзің қолмен бұзғаныңды білемісің? Сен сол киіз үйді өз қолыңмен қайта орнына келтірмесең өмір бойы шаңырақсыз өтесің,-деп ашулы үн қатты.
Бұл уақытта Ермектің жасы қырықтан асқанды. Ұйқыдан шошып оянды. Әлгі ашулы ана бейнесі көз алдынан кетпей қойды. Он күнде сындырған сол киіз үйді өз қолымен он ай жасап, дүниеден өтіп кеткен үй иесінің ауласына апарып тігіп қойды. 8 қанатты, жұп-жұмыр, көркі көз тартар киіз үйге қызыққан ауылдастар Ермектің қолынан мұндай дүние шығатынына таңдана да таңырқай қарап, тапсырыс бере бастады. Киіз үй құрастырған Ермек ауылдың ағаш шебері болды да шықты. Содан кейін ғана отбасын құрып, артынша үшем сүйді. Бұрын соңды үшем дүниеге келмеген ауыл басшылары бірлесіп шағын үй тарту өтті. Киіз үйдің киесі барын кеш түсінгені болмаса, шағын бір үйдің, бір отбасының иесі болып бақытты ғұмыр кешіп жатты.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА.
03 мамыр 2019 ж. 2 633 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031