» » » Майталман маман

Майталман маман

«Жігітке жеті өнерде аз» деп қазақ атам бекер айтпаған. Астарында мағына бұғып жатқан әр сөзі әлі күнге дейін әрін кетірмеген. Кезінде ел қорғаны болған жігіттен мінсіздік іздеген қазекем, жеті өнердің өзін аздық көрген. Өнері өн бойына өтіп тұрған жігітті ел мақтаған, ал ел мақтаған жігітті қыз жақтаған ғой. Міне, осындай қазақы сөздерді арқау етіп бүгінгі кейіпкерді осылай таныстыруды жөн көрдік. Бойындағы өнерін еңбек жолына арнап, бүгінде аудан жұртына таныла білген талант иесі – Мұстахим Абзалыұлы.


Мұстахим Абзалыұлы 1984 жылы алғашқы еңбек жолын телешебер болудан бастайды. Техникаға қызығушылығы артып, ұсақ-түйек заттар мен айналысып теледидар жөндейді.
– Ол кезде мұндай теледидар жөндеу оқуын оқып келіп қызмет істеген мамандар саусақпен санарлық еді, содан бастап көзге түсе бастадым, – дейді ол.
Одан кейін бойындағы өнерін шыңдап, өзін тағы бір қырынан таныған өнер иесі мәдениет саласына ойысады. Ауданымыздағы мәдениет үйіне жұмысқа орналасып, қазіргі таңда сол атаулы орында дыбыс инженері болып қызмет атқарады. Мерекелік концерттердің жақсы өтуі, әуен дыбысының акустикалық жағынан дұрыс шығуы осы маманның бақылауы мен басқаруында. Техникаға иек артқан азамат негізгі жұмысынан бөлек, бос уақытында желдеткіш, компьютер, тоңазытқыш, теледидар секілді құрылғыларды жөндеп, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетеді. Қолынан іс келетін жігітті ел таниды, техникасы бұзылса іздеп жүргені.
– Қазірдің өзінде біраз адам мені танып қалған. Көбіне таныстар хабарласып тапсырыс беріп жатады. Тіпті алыс аймақтан да іздеп келеді. Уақытымның тығыздығынан ол жақтарға бара алмасам да ауыл ішіндегі тұрғындарға қызмет көрсетіп тұрамын, ақысы адам шошырлық емес нақты қойған бағам жоқ, еңбегіме қарай бергенін аламын, – дейді шебер.
Мұстахим Абзалыұлы жақсы маман болуы мен қатар отбасының ұйытқысы, ардақты жар, балаларына қамқор әке. Артынан ерген үлкен ұлы әке жолына бір табан жақын болса, кіші баласы да өнерден алыс емес.
Бүгінде мәдениет саласында қызметі еленіп, түрлі марапаттарға ие болды. Қызылорда қаласының 200 жылдық мерей тойына арналған Қармақшы ауданының өнер күндерінің жоғары деңдейде ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Үйімізде тұрмыстық техникамыз бұзылып қалса қолымызға құралымызды алып, өз бетімізше шұқылап, артық қыламыз деп тыртық қылып жатамыз. Осындайда техника маманына сұраныстың артатыны белгілі. «Еңбек түбі – береке». Ал, бос уақытыңды тиімді пайдаланып, тұрғындардың алғысын алу – бірінің қолынан келсе, енді бірінің қолынан келе бермесі анық.
Ерсін Сәдуұлы
«Қармақшы таңы»
04 қаңтар 2019 ж. 2 997 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031