» » » ШАМШЫРАҚ ШАМЫН ЖАҚҚАН ШАМШАТ ЖЫРАУ

ШАМШЫРАҚ ШАМЫН ЖАҚҚАН ШАМШАТ ЖЫРАУ

 
Қазақ қоғамында аналар есімі қашанда бірінші орында тұрады. Сонау сақ заманындағы ТомирИс патшайым, одан кейін де өмір сүрген батыр аналарымыздың өмірі қазақ ұрпағы үшін өнеге. Міне, сондай туған халқының жарқын болашағы үшін өздерінің өнегелі өмір жолымен, оның ішінде дарындылығымен есте қалған аналарымыздың бірі – Шамшат жырау

Сыр шайырлары арасында шоқтығы биік Кете Жүсіптің жиені, әншілігімен бірге күйшілігімен танылған Төлеп пен Қарақалпақстан ақыны Камал Жүсіпұлының қызы Тұрсыннан өрбіген, елімізде өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы ашаршылық, ұжымдастыру сынды дүрбелең кезеңде өмірге келген Шамшаттың балалық шағы көптеген дарын иелерін өмірге әкелген киелі Тұрмағамбет ауылында өтті. Бала кезінен ауылдағы жыр жампоздарының шығармаларын жаттап өскен ол кейін келе ел ауызына жыраулық өнерімен іліне бастады. Өзіндік мақамы бөлек Шамшат елге ерте танылды. Бойжеткен жыраудың жыр-термеге деген ықыласына Сыр сүлейлері Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет шығармалары мен шиелілік Нартай Бекежанов пен жерлесі Үрістембек жыраудың ақыл, көмегі әсер етті. Міне, сондай жыр жүйріктерінен сабақ ала жүріп, өнерін шыңдаған Шамшат көп ұзамай жыраулар қатарынан нақтап орын сайлап алды.


Соғыс та бітіп, елде жаңа заманның лебі есе бастады. Шамшат бала кезгі арманын орындау мақсатында облыс орталығына аттанып, өзі мақсаттаған арман асуына жол салды. Ол күн де алыс емес еді. Дарынды жастың қабілетін мойындаған мамандардың көмегімен ол 1948 жылдан 1951 жылға дейін облыс орталығындағы филармонияда Нартай Бекежанов құрған ән-жыр бригадасына мүше болып, аймақтағы барлық елді мекендерде өнер көрсетті. Тіпті, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстанның басым бөлігінде өнерін паш етті. Кейіннен туған жерге оралған Шамшат жырау шаңырақ көтеріп, біраз жыл жыраулық өнерін отбасылық өмірге ауыстырды. Ұрпақ тәрбиелеп, ата-ене қабағын бақты. Бірақ, ол халық адамы болған соң, көп ұзамай ел-жұрттың қалауымен керегеге іліп қойған домбырасын қолына қайта алып, жыраулық әлемге оралды.
Талай рет облыстық, республикалық, халық­аралық жыр додаларында өзі сияқты мәдениет майталмандарымен бірге өнерін паш етіп, ел-жұртына үлкен мереке сыйлады.
Атадан балаға мирас болып келе жатқан жыраулық өнерді өскелең ұрпаққа аманаттау мақсатында ол көптеген шәкірт те тәрбиеледі. Шамшат жыраудың мектебінен өткен Ерхан Кәрібозов, Жарқынбек Тұрымбетов, Мариям Кетебаева, Ақерке Өтепбергенова, Әйгерім Ешбаева және басқа да өнер тарландары бүгін жырсүйер Сыр халқының сүйіктісіне айналды.
«Еңбек етте, зейнетін көр» деп қазақ даналығында айтылғандай, туған елінің өсіп-өркендеуіне зор үлесін қосқан жезтаңдай жырау Шамшат Төлепова елімізде бірінші рет өткен жыршы-термешілердің байқауына, Ленинград қаласында сол уақыттағы 15 одақтың шығармашыл өкілдерінің қатысуымен өткен лекция-концертте, Алматы қаласында өткізілген Лорд конференциясында өнер көрсетті. Еселі еңбегінің арқасында көптеген марапатқа да ие болды.
Сыр өңірі дүлдүлдері арасында шоқтығы биік болған Шамшат жырау бірнеше рет облыс басшылығы мен ҚазКСР министрлігінің мадақтамалары мен құрмет гармоталарына, алғыстарына ие болды. Ресейде өткен І және ІІ бүкілодақтық көркемөнерпаздар шығар­машы­лығы байқауының жүлдегері атанды. Сонымен қатар, ұлт мәдениетіне қосқан сүбелі үлесі үшін «ҚазКСР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» және 1999 жыл соңында аудан әкімінің шешімімен «Ғасыр өнер адамы» атағына ие болды.
Талайды таңдай қақтырған жырау Шамшат Төлепова тек аудан жұртшылығының ғана емес, күллі қазақ елінің мақтанышына айналды.
Қайталанбас өнер иесі, дарынды жыршы Шәмшат Төлепқызы жыршылық, орындаушылық өнерде, жалпы аудан даласындағы жыраулар дәстүрге тән үрдістің барлығында көрініс тапқан талант иесі. Ол өзінің саналы өмірінде жақсылыққа бау­лу, жамандықтан сақ болу, ел-халқын имандылыққа шақыру қасиеттеріне ие болған парасат иесі.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
21 қыркүйек 2018 ж. 2 396 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 054

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031