» » » АСТАНАДА «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ» АТТЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

АСТАНАДА «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ» АТТЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде белгілі антрополог, ҰҒА академигі Оразақ Смағұлов пен қызы Айнагүл Смағұлова бірлесіп жазған «Қазақ халқының шығу тегі» атты туындының тұсаукесер рәсімі өтті.
Аталмыш кітапқа қа­зақ­ этносына қатысты оның  бет-­бейнесі, қан жүйе­сі, тіс­ құры­лысы, сезімі, тері бе­дер­лері мен қаңқа сүйекте­ріне ұзақ жыл жүргізілген ке­шенді салыстырмалы зерт­теудің нәтижесі топ­тас­тырыл­ған. Соның нәтиже­сін­де Еуразияның апайтөс жазирасында өмір сүріп келе жатқан қазақ халқының бұзылмай-сызылмай, бүлін­бей-жарылмай сақталған қы­рық ғасырлық тарихы ба­ры анықталып отыр. 
Мәдени шараны­ ұйым­­дас­­тырушылар тара­пынан­ сөз алған Л.Н.Гумилев атын­­­­­дағы ЕҰУ рек­торы Ер­­лан Сыдықов төрт мың жылдық та­рих қоры жинақ­талған мұн­дай құнды кітапты жа­рыққа шығару ісіне университет мұрындық болып отыр­ғанын айтып, жасы тоқсанға тартса да ғылым жолында жанкештілік танытып, еңбек етіп келе жатқан академиктің ісі кейін­гі жас­тарға үлгі дегенге тоқ­тал­ды.
Расында антропологиямен айналысу екінің бірінің қо­лы­нан келе бермейді. Өйт­­кені бұл ғылым мен ком­­­­мунистік идеология ара­сын­да қайшылық көп болды. Сон­­дықтан да болар 1977 жылы Оразақ Смағұловтың маң­дай терін төгіп жазған «Этни­ческая геногеография ­Казах­стана» атты еңбегі кі­тап болып шыққаннан кейін қай­та­дан жинап алынып, өртел­ді. 
Жоғарыдағыдай қиын сәт­терді басынан өткізген ака­демик өзінің ғылым жолында жанкештілік танытуына Қаныш Сәтбаевтың «Оразақ қарағым, әрбір жан иесінің биологиялық ата-анасы болатын секілді, әр халықтың биологиялық ата-ана­сы бар. Сен қазақтың био­тегін дәлел­де» деген бір ауыз сөзі қуат бер­генін тебіреніспен еске ал­ды.
Тұсаукесер рәсімінде академик Сейіт Қасқабасов, био­лог-ғалым Рахмет­қажы Бер­сінбай кітаптың құн­дылығы аса жоғары екеніне тоқталды.
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

26 қаңтар 2018 ж. 1 915 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031