» » » ОҢ САУСАҒЫ МАЙЫСҚАН

ОҢ САУСАҒЫ МАЙЫСҚАН

Күз мезгілі болған соң үй жөндеу жұмысы басталады. Жыл бойы тұрған заттарға өзгерісте еңгізесің. Бөлменің ажарын кіргізу үшін жаңа перде тігуге тапсырыс беру керек болды. Бұрынғыдай таныс-тамырдан тігінші сауғалап кетпейсіз. Қолыңыздағы қалтафонның экранын түртіп қалсаңыз болғаны. Солай инстаграмм желісінен перде тігушіні іздей бастадым. Барлығы дерлік қалалық жерден екен. Әрі іздеп, бері іздеп әйтеуір біреуін таптым. Парақшасына кірсемзаманауи, қазақы ою-өрнекпен тігілген түрлі-түрлі пердені көрдім. Шыны керек, өз көзіме өзім сенбедім. Сол жердегі жазылған нөмір бойынша перде тігушімен байланыс­тым. Тапсырыс барысында біршама екеуара әңгіме қаузадық.
Ерекше перделердің иесі – Жарқынай Асан­қанова еді. Ол 1988 жылы осы өңірде дүниеге келген. Аграрлы-техникалық колледжде информатика пәнінің оқытушысы. Десе де, Жарқынайдың студенттерді оқытып, отбасымен, үй тірлігімен айналысып, одан қалды перде тігуіне қарап тамсанасың.
– Перделер әлеміне қалай кірісіп кеткенім жайында айта кетейін. 3 баламды босанып декреттік демалысқа шықтым. Ең алдымен үйде бос отыр­мау­дың амалын таппай, біресе қыздарға шаш үлгісін жасап, біресе бет әрлеп, тіпті осыдан 5 жыл бұрын шаштаразда жұмыс істеп жүрдім. Әйтеуір жұмыстан бөлек қосымша кәсіп керек қой. Бірде инстаграмм желісінен Жансая есімді қыздың перделер әлеміне мастер класс өткізетінін көріп, неге қатыспасқа деген ойға келдім. Бала күнімдегі арманым да осы тігіншілікпен байланысты еді. Қалдық маталардан әйтеуір бір нәрсе ойлап тауып тігіп қоятынмын. Дизайнер болам деп армандадым. Сол арманыма Алланың өзі жол салған шығар. Солай перде тігуді қосымша оқып алдым. Ең алдымен тігін өнерін бастауға жолдасым, қос анам мен туғандарым демеу болды, – дейді Жарқынай Ақталапқызы.



Бүгінде үй-жайды пердесіз елестету мүмкін емес. Олар өзіндік әдемілігімен декордың функционалды, әрі пайдалы элементі. Ал олар әсем безендірілген, заманауи стильде болса құба-құп. Мұны тек оң қолынан өнер тамғандар ғана өмірге әкеледі. Біз тек тапсырыс беріп, бірнеше күннен кейін дайынын әкетеміз. Ал оның қалай тігілгенінен бейхабармыз. Перденің әрбір бұры­шы, оюы есептелінеді. Егер қате кетсе ойдағыдай әдемі дүниені көре алмаймыз.

– Бөлмедегі перделер өзінің сыртқы сұлу­лы­­ғымен ерекшеленіп қана қоймай, дыбыс бәсең­дету, көше шаңы мен ас үй ысынан және күн сәулесінен қорғау мақсатында қолданылады. Перде интерьердің артықшылығы мен стилін айқындап, қонақтардың назарын аударып тұра­тын, сондай-ақ бөлмедегі басқа да заттармен сәйкестенетін элемент ретінде ілінеді. Үйдің сәнін келтіру үшін перденің түр-түрі бар. Мәселен, эксклюзивті перде, ажурлы ламбрекен, ажурлы шнур ламбрекені. Ал бұларды тігуде ең алдымен көзің шаршайды. Қолды айтпаса да белгілі. Жұмыстан келген соң уақыт тауып тапсырысымды әзірлеймін. Барлығына да үлгеруге тырысамын. Әр адамның өмірі өз қолында. Өз күшіңмен еңбек етіп нан тапқанға не жетсін? Қиыншылық әр адамда да болады. Тек соны жеңе білсек қана арманымызға жетеріміз айқын, – дейді оң саусағы майысқан өнер иесі.
Иә, әлемде түрлі мамандық бар. Ал, оны меңгеру, қолға алған кәсіпті одан әрі дамыту кейбірінің қолынан келе бермейді. Еңбек түбі – береке. Тек сол берекеге жету өз күшіңмен еңбектенгенде ғана іске асады.

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
25 қыркүйек 2018 ж. 3 031 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031