» » ЕЛІМІЗДЕ 72 МЫҢНАН АСТАМ ӘКЕ ДЕКРЕТТІК ДЕМАЛЫСТА ЖҮР

ЕЛІМІЗДЕ 72 МЫҢНАН АСТАМ ӘКЕ ДЕКРЕТТІК ДЕМАЛЫСТА ЖҮР

  Елімізде 72 мыңнан астам әке декреттік демалыста жүр. Бүгін Еңбек министрлігі әйелінің орнына бала бағатын ерлердің саны артып келе жатқанын айтты, деп хабарлады КТК.

“Әрине, ер адамның декретке кетуіне заң бойынша тыйым жоқ. Бала туған соң әйеліне көмектесу үшін демалысқа шыға берсе болады. Бірақ, ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана түседі”, – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.
Декретте жүрген ерлердің бірі – Павлодар облысы прокурорының орынбасары Қуат Артықбаев. 49 жастағы полковник жарты жыл бұрын баласын бағу үшін үш жылға демалысқа шыққан еді. Әкелердің бұлайша бала күтіміне араласуы бекер емес. Елімізде туу көрсеткіші күрт өскен. Мәселен, соңғы бір жыл ішінде 400 мыңнан астам сәби дүниеге келген. Бірақ, демография көрсеткішімен бірге, ажырасатын ерлі-зайыптылардың саны да артып жатыр. Былтыр 55 мыңға жуық жұп дәм-тұзы жараспай ажырасып кеткен. Ерлердің декретке шығуына кей жағдайда ана өлімі де себеп.
31 мамыр 2018 ж. 1 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930